Ресей армиясы туралы жалған ақпарат таратқан колумбиялыққа қатысты істі тергеу аяқталды

© Sputnik / РИА Новости / Медиабанкке өтуСледственный комитет РФ
Следственный комитет РФ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ресейдің тергеу комитеті америкалық компанияның тапсырысы бойынша қарулы күштер туралы жалған ақпарат таратқан деп айыпталған Колумбия азаматына қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Сондай-ақ бұл компания АҚШ-тағы 2020 жылғы сайлауға Ресейді араласты деп айыптаумен айналысқаны белгілі болды, деп хабарлады РИА Новости ақпарат агенттігіне РФ Тергеу комитетінің баспасөз қызметіндегілер.
"Колумбия Республикасының азаматы Хиральдо Сарая Альберто Энрикеге қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оған Ресейдің аумағында Украинадағы арнайы әскери операцияда РФ Қарулы күштерін қолданғаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқан деген айып тағылды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
РФ Тергеу комитеті бұл іс Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі барлау қызметінің материалдары негізінде қозғалғанын айтты.
Колумбиялықтың ұсталғаны туралы оның адвокаты сәуірде хабарлаған болатын. Тергеу Ресей Федерациясында тұруға ықтиярхаты бар сотталушыны 5 наурыздан 9 сәуірге дейін Мәскеудегі сауда орталықтарының бірінде телефондарды орналастырып, абоненттерге қашықтан жалған ақпаратты жаппай жолдаумен айналысқан деген қорытындыға келді. Ол ақпарат Ресей әскерилерінің Украинадағы әрекеттеріне қатысты болған.
Тергеу комитеті Хиральдо мұның барлығын ұйымдасқан топтың құрамында жасағанын және оның әрекеттерін шетелдік азаматтар басқарғанын атап өтті. Колумбиялық азамат осы әрекеті үшін ақша алған. Қазір ер адам қамауға алынды.
"Сотталушының осы іске қатысы бар Оңтүстік Америка елдерінің біріндегі азаматтармен хат алмасуы анықталды. Олардың АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі мемлекеттік агенттігімен байланысты Digital Humanity (АҚШ) шетелдік ұйымының мүддесі үшін әрекет еткені белгілі болды. Қылмыстық топты қаржыландыру тізбегі, оның ішінде криптовалюталарды қолдану жүйесі анықталды", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Колумбиялық Хиральдо Сарай Альберто Энрике өзіне тағылған айыпты мойындап, шетелдегі сыбайластары туралы ақпарат берді.
Нәтижесінде, Федералды қауіпсіздік қызметі Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің тыңшылық бабымен қарастырылған Колумбия азаматына тыңшылық әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасады.
"Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Колумбия азаматы Хиральдо Сарай Альберто Энрикеге Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің "Тыңшылық" – 276-бабында көзделген қылмысты жасауға жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу туралы ресми ескерту жасады", - деп жазылған ФҚҚ ресми сайтында.
Жаңалықтар
0