https://sputnik.kz/20221205/qazaqstandyqtar-qarzhy-piramidasy-ekeni-daleldengen-kompaniyalarga-aqsha-salyp-zhatyr-30017004.html
Қаржы пирамидасы екені дәлелденген компанияларға қаражат тарту жиілеген
Қаржы пирамидасы екені дәлелденген компанияларға қаражат тарту жиілеген
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда қылмыстық әрекеті дәлелденген қаржы пирамидаларына қаражат тарту жиілеп барады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг... 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T15:14+0500
2022-12-05T15:14+0500
2022-12-05T15:48+0500
қаржы пирамидасы
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_43670f669029685dbede4eb5e60b24cf.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда қылмыстық әрекеті дәлелденген қаржы пирамидаларына қаражат тарту жиілеп барады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.Бұған дейін ведомство "LV Force", "World Business Consulting", "The Finico", "Caspian Crocus", "B2B Jewelry", "ПК Елімай-2019", "Мебельный проект Нур", "Лидер", "Лидер капитал-168", "Нарымбетова", "Hermes – LTD" және тағы басқа қаржы пирамидаларының қызметіне тосқауыл қойған болатын.Оның айтуынша, қаржы пирамидаларының әрекетінен халық қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына алданып, ақша салуды жалғастырып жатыр.Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржы пирамидасының белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолдануда.Әбділов азаматтарды қырағы болуға, жинағын күмәнді компанияларға салмауға шақырды."Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз", - деп түйіндеді ол.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1419/44/14194450_331:0:1831:1125_1920x0_80_0_0_ec388095f407e1d42b5537e42bdbcc39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаржы пирамидасы
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда қылмыстық әрекеті дәлелденген қаржы пирамидаларына қаражат тарту жиілеп барады. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов хабарлады.
Бұған дейін ведомство "LV Force", "World Business Consulting", "The Finico", "Caspian Crocus", "B2B Jewelry", "ПК Елімай-2019", "Мебельный проект Нур", "Лидер", "Лидер капитал-168", "Нарымбетова", "Hermes – LTD" және тағы басқа қаржы пирамидаларының қызметіне тосқауыл қойған болатын.
"Олар қарапайым мессенджерлерден бастап білім беру курстары мен жылжымайтын мүлік сатып алуға дейін әртүрлі қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардан ақша алудың қылмыстық схемаларын жүзеге асырды", - дейді Әлібек Әбділов.
Оның айтуынша, қаржы пирамидаларының әрекетінен халық қаражатынан айырылып жатқанына қарамастан, кейбір азаматтар қылмыскерлердің жарнамасына алданып, ақша салуды жалғастырып жатыр.
Осыған байланысты Қаржылық мониторинг агенттігі профилактикалық жұмыстарға баса назар аударып, оқушылар мен студенттер арасында қаржылық қауіпсіздік және сауат ашу сабақтарын өткізіп, қаржы пирамидасының белгілері бар сайттар мен аккаунттарды анықтау үшін заманауи технологияларды қолдануда.
Әбділов азаматтарды қырағы болуға, жинағын күмәнді компанияларға салмауға шақырды.
"Егер сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігіне дереу хабарлауыңызды сұраймыз", - деп түйіндеді ол.