https://sputnik.kz/20221205/pavlodar-oblysynda-zheke-turgyn-uyde-gaz-ballony-zharyldy-30021724.html
Павлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Павлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Sputnik Қазақстан
67 жастағы ауыл тұрғынының денесінің 40 пайызын күйік шалып, ауруханаға түсті 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T16:40+0500
2022-12-05T16:40+0500
2022-12-05T16:40+0500
павлодар облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/05/30017997_0:150:1600:1050_1920x0_80_0_0_f202d0de0ce62322a44ae15cc989d672.jpg
ПАВЛОДАР, 5 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, әйелдің денесін қатты күйік шалды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.5 желтоқсан күні сағат 13.12-де Ақтоғай аудандық өрт сөндіру бөліміне Ақтоғай ауылы Марденов көшесі, 46 мекенжайында орналасқан төрт бөлмелі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түсті.Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 литрлік газ баллонының жарылуы салдарынан шатырдың өртенгенін, 25 шаршы метр аумақтағы ас үй мен веранданың опырылып түскенін анықтады. Содан кейін бүкіл бөлме отқа оранған.1955 жылы туған ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Ол ауруханаға жатқызылды.Өртті сөндіруге 10 адам – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полицей мен жергілікті атқарушы органның қызметкері қатысты. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/05/30017997_0:0:1600:1200_1920x0_80_0_0_b5832d17e6440ce6144b35a70867e127.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, өрт
Павлодар облысында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды
67 жастағы ауыл тұрғынының денесінің 40 пайызын күйік шалып, ауруханаға түсті
ПАВЛОДАР, 5 желтоқсан – Sputnik. Павлодар облысының Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, әйелдің денесін қатты күйік шалды, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
5 желтоқсан күні сағат 13.12-де Ақтоғай аудандық өрт сөндіру бөліміне Ақтоғай ауылы Марденов көшесі, 46 мекенжайында орналасқан төрт бөлмелі жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер 5 литрлік газ баллонының жарылуы салдарынан шатырдың өртенгенін, 25 шаршы метр аумақтағы ас үй мен веранданың опырылып түскенін анықтады. Содан кейін бүкіл бөлме отқа оранған.
1955 жылы туған ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Ол ауруханаға жатқызылды.
Өртті сөндіруге 10 адам – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, полицей мен жергілікті атқарушы органның қызметкері қатысты. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді.