https://sputnik.kz/20221205/oral-turgyny-kameletke-tolmagan-qyzdy-zhezokshelikke-salgan-30027332.html
Орал тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке салған
Орал тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке салған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, деп хабарлады Polisia.kz. 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T20:02+0500
2022-12-05T20:02+0500
2023-08-09T10:08+0500
орал
жезөкше
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, деп хабарлады Polisia.kz.Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай қызметі үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, жезөкше
Орал тұрғыны кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке салған
20:02 05.12.2022 (жаңартылды: 10:08 09.08.2023) АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында әйел кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікке тартқан, деп хабарлады
Polisia.kz. Облыстық ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Орал қаласындағы сауналар мен жалдамалы пәтерлерді тексеру бойынша рейд өткізу барысында жезөкшелікпен айналысқандарды ұстады.
Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы әйел интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай қызметі үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.