https://sputnik.kz/20221205/ministr-deputattyn-usynysy-zhayly-aylyq-eseptik-korsetkish-qala-beredi-30009328.html
Министр депутаттың ұсынысы жайлы: айлық есептік көрсеткіш қала береді
Министр депутаттың ұсынысы жайлы: айлық есептік көрсеткіш қала береді
Sputnik Қазақстан
Мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынған болатын 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T13:17+0500
2022-12-05T13:17+0500
2023-08-10T12:23+0500
жәрдемақы
тамара дүйсенова
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6c6650b3f0f4e781b7c437920c36fb29.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың айлық есептен көрсеткіштен бас тарту туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Министрдің айтуынша, Қазақстанда қандай да бір статусқа ие болған азаматтарға арнаулы жәрдемақы төленеді. Ол кепілдендірілген жәрдемақыларға қосымша беріледі. Арнаулы жәрдемақылар дәл осы айлық есептік көрсеткіш есебінен есептеледі. Ол АЕК мөлшері жыл сайын инфляцияға байланысты көтеріліп отыратынын атап өтті. Министрдің айтуынша, Конституцияға сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдендірілген жәрдемақы, зейнетақы бар. Мемлекеттің мүмкіндігіне қарай халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек бойынша күнкөріс деңгейі медиандық табысқа ауыстырылады. Зейнетақы бойынша. Базалық зейнетақы мөлшері өседі, 2028 жылға қарай ең төменгі еңбекақыға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандарға берілетін базалық кепілдендірілген жәрдемақылар күнкөріс деңгейі немесе медиандық табыс есебінен беріледі. "Мемлекет тарапынан кепілдендірілген барлық жәрдемақы көтеріледі. Себебі ол азаматтың ең негізгі табыс көзі", - деді Дүйсенова. Яғни мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер айлық есептік көрсеткішпен есептелмейді. АЕК тек арнаулы жәрдемақыларға ғана қолданылады. Сол себепті АЕК есептік көрсеткіш ретінде қала береді. Бұған дейін мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынған болатын. Оның айтуынша, АЕК экономикамен де, жалақымен де байланысты емес. Сол себепті депутат болашақта әлеуметтік төлемдерді күнкөріс деңгейі немесе ең төменгі жалақыны негізге ала отырып, есептеу ақылға қонымды деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b6dfbb4b20fcf81071e7c634e2825f41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы, тамара дүйсенова
жәрдемақы, тамара дүйсенова
Министр депутаттың ұсынысы жайлы: айлық есептік көрсеткіш қала береді
13:17 05.12.2022 (жаңартылды: 12:23 10.08.2023) Мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынған болатын
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова депутаттардың айлық есептен көрсеткіштен бас тарту туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда қандай да бір статусқа ие болған азаматтарға арнаулы жәрдемақы төленеді. Ол кепілдендірілген жәрдемақыларға қосымша беріледі. Арнаулы жәрдемақылар дәл осы айлық есептік көрсеткіш есебінен есептеледі.
"Егер азамат қандай да бір статусқа ие болса, оған мемлекет тарапынан әлеуметтік төлем төленеді. Ол мемлекеттің қаржылық мүмкіндігіне байланысты. Сондықтан қазір айлық есептік көрсеткіш әлеуметтік қосымша қолдау ретінде қала береді", - деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында.
Ол АЕК мөлшері жыл сайын инфляцияға байланысты көтеріліп отыратынын атап өтті. Министрдің айтуынша, Конституцияға сәйкес, мемлекет тарапынан кепілдендірілген жәрдемақы, зейнетақы бар. Мемлекеттің мүмкіндігіне қарай халыққа әлеуметтік қолдау көрсетіледі. 2025 жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек бойынша күнкөріс деңгейі медиандық табысқа ауыстырылады.
Зейнетақы бойынша. Базалық зейнетақы мөлшері өседі, 2028 жылға қарай ең төменгі еңбекақыға ауыстыру мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, мүгедектігі бар жандарға берілетін базалық кепілдендірілген жәрдемақылар күнкөріс деңгейі немесе медиандық табыс есебінен беріледі.
"Мемлекет тарапынан кепілдендірілген барлық жәрдемақы көтеріледі. Себебі ол азаматтың ең негізгі табыс көзі", - деді Дүйсенова.
Яғни мемлекет тарапынан кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер айлық есептік көрсеткішпен есептелмейді. АЕК тек арнаулы жәрдемақыларға ғана қолданылады. Сол себепті АЕК есептік көрсеткіш ретінде қала береді. Бұған дейін мәжіліс депутаты Жәмила Нұрманбетова әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде айлық есептік көрсеткіштен бас тартуды ұсынған болатын.
Оның айтуынша, АЕК экономикамен де, жалақымен де байланысты емес. Сол себепті депутат болашақта әлеуметтік төлемдерді күнкөріс деңгейі немесе ең төменгі жалақыны негізге ала отырып, есептеу ақылға қонымды деп санайды.