https://sputnik.kz/20221205/batys-qazaqstanda-zhol-politsiyasy-komandirin-ariptesteri-para-aldy-dep-ayyptady-30013926.html
Батыс Қазақстанда жол полициясы командирін әріптестері пара алды деп айыптады
Батыс Қазақстанда жол полициясы командирін әріптестері пара алды деп айыптады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы жол полициясы батальонының командирін қол астындағы қызметкерлері пара алды және бопсалады деп... 05.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-05T14:35+0500
2022-12-05T14:35+0500
2022-12-05T14:35+0500
полиция
шағым
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_0:0:3262:1836_1920x0_80_0_0_da8e2ce8f6e6dbc2a1bc656d54fce241.jpg
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы жол полициясы батальонының командирін қол астындағы қызметкерлері пара алды және бопсалады деп айыптады.Облыстық жол-патрульдік полициясы басқармасының қызметкерлері ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың атына хат жазып, басшының әрекетіне шағымданды.Жол-патрульдік полициясы батальонының қатардағы полицейлерінің атынан ішкі істер министрінің атына жазылған хат әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды mgorod.kz порталы.Олар "ұжымда заң жоқ, моральдық ахуал күннен күнге нашарлап барады" деп шағымданды. Хат авторлары бұған батальон командирі Жаңабаев пен взвод командирі Шекеевті кінәлі деп санайды."Жаңабаев пен Шекеевті облыс көлемінде көп адам таниды. Олар қарамағындағы қызметкерлерден алым-салық алуды ұйымдастырды. Ұсталған мас жүргізушінің мәселесі 200 мың теңгемен шешіледі. Жаңабаевтың Ресейге дизель отынын заңсыз алып шығу фактілері бар. Осы уақытқа дейін Жаңабаев пен Шекеев сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша заңға қайшы әрекеті үшін қызметінен шеттетілді. Шекеев жарты жылға жуық уақыт Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының қарамағында болды. Оларға қатысты қызметтік іс қозғалды, бірақ құқық бұзушылықтарға қарамастан, Жаңабаев пен Шекеев ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып жатыр", - деп жазды хат авторлары.Сонымен қатар олар батальон командирі Жаңабаевтың қызметтік бабын пайдаланып, басқа да құқық бұзушылықтар жасағанын айтқан."Ол қызметтік бабын пайдаланып, Ресей Федерациясынан мал тиелген "КамАЗ" көліктерін тексермей өткізу туралы бұйрық берді. Бұл мәселелерде оған Шекеев тікелей көмектеседі. Құрметті министр, сіз өз сөзіңізде полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін бірнеше рет айттыңыз. Осы мәселенің әділ шешімін табу үшін бұл тексеруді ерекше бақылауға алуларыңызды сұраймыз", - деп жазды полицейлер.ІІМ жеке қауіпсіздік департаментіндегілер ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін ішкі тексеру тағайындалып, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданатынын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/496/72/4967234_147:0:3240:2320_1920x0_80_0_0_168ed75dcaa792ae699ec9cafc9b967c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, шағым
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы жол полициясы батальонының командирін қол астындағы қызметкерлері пара алды және бопсалады деп айыптады.
Облыстық жол-патрульдік полициясы басқармасының қызметкерлері ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пен жеке қауіпсіздік департаментінің басшысы Арман Садановтың атына хат жазып, басшының әрекетіне шағымданды.
Жол-патрульдік полициясы батальонының қатардағы полицейлерінің атынан ішкі істер министрінің атына жазылған хат әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды
mgorod.kz порталы.
Олар "ұжымда заң жоқ, моральдық ахуал күннен күнге нашарлап барады" деп шағымданды. Хат авторлары бұған батальон командирі Жаңабаев пен взвод командирі Шекеевті кінәлі деп санайды.
"Жаңабаев пен Шекеевті облыс көлемінде көп адам таниды. Олар қарамағындағы қызметкерлерден алым-салық алуды ұйымдастырды. Ұсталған мас жүргізушінің мәселесі 200 мың теңгемен шешіледі. Жаңабаевтың Ресейге дизель отынын заңсыз алып шығу фактілері бар. Осы уақытқа дейін Жаңабаев пен Шекеев сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша заңға қайшы әрекеті үшін қызметінен шеттетілді. Шекеев жарты жылға жуық уақыт Ақтөбе облысы полиция департаменті басшысының қарамағында болды. Оларға қатысты қызметтік іс қозғалды, бірақ құқық бұзушылықтарға қарамастан, Жаңабаев пен Шекеев ішкі істер органдарында қызметін жалғастырып жатыр", - деп жазды хат авторлары.
Сонымен қатар олар батальон командирі Жаңабаевтың қызметтік бабын пайдаланып, басқа да құқық бұзушылықтар жасағанын айтқан.
"Ол қызметтік бабын пайдаланып, Ресей Федерациясынан мал тиелген "КамАЗ" көліктерін тексермей өткізу туралы бұйрық берді. Бұл мәселелерде оған Шекеев тікелей көмектеседі. Құрметті министр, сіз өз сөзіңізде полицейлер арасында сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ екенін бірнеше рет айттыңыз. Осы мәселенің әділ шешімін табу үшін бұл тексеруді ерекше бақылауға алуларыңызды сұраймыз", - деп жазды полицейлер.
ІІМ жеке қауіпсіздік департаментіндегілер ақпараттың дұрыстығын анықтау үшін ішкі тексеру тағайындалып, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданатынын хабарлады.