Астанада бірінші ауысым оқушылары мектепке бармайды

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанада 0-9 сынып оқушыларына сабақ онлайн өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы білім басқармасы.
"Ауа райының қолайсыздығына байланысты 5 желтоқсан күні бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", - делінген хабарламада.
Мектеп оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттерін күн райы бұзылған жағдайда қашықтан оқыту форматына көшіру параметрлері:
ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-4 сыныптар;
ауа температурасы 25-29 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-9 сыныптар;
ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 2-4 м/с болған жағдайда 0-9 сыныптар;
ауа температурасы 30-34 градус, желдің жылдамдығы 5 м/с болған жағдайда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
ауа температурасы 35 градус, желдің жылдамдығы 2 м/с болған жағдайда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
бұрқасын және желдің жылдамдығы 15 м/с және одан жоғары болғанда 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс);
бұрқасын күшейгенде, желдің жылдамдығы 10 м/с және одан жоғары болғанда, көру мүмкіндігі төмендегенде 0-11 (12) сыныптар, колледждер (1-2 курс).
Жаңалықтар
0