Қоғам

Астанадан ұшып шыққан ұшақ Мәскеуге шұғыл қонуға мәжбүр болды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Астанадан ұшып келген Boeing 737-300 "Шереметьево" әуежайына шұғыл қонды. Оған гидрожүйедегі техникалық ақау себеп болған, деп хабарлады РИА Новости-ге шұғыл қызметтегілер.
Зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала мәлімет бойынша, бұл SCAT Airlines әуе компаниясының борты.
"Астана – Мәскеу бағытындағы Boeing 737-300 сол жақ гидрожүйесі істен шығып, датчик іске қосылғаннан кейін "Шереметьево" әуежайына шұғыл қонды", - деп мәлімдеді шұғыл қызметтегілер.
Әуе кемесі әуежайға штатты режимде қонды, деп атап өтті SCAT баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0