Өңірлер

Шымкентте ер адам кассирді пышақпен қорқытып, жанармай құю бекетін тонап кетті

© Photo : Пресс-служба Qazaq oilАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте жанармай құю бекеті тоналды. Оқиға Төлеметов көшесі мен Бәйдібек батыр даңғылының қиылысында болған.
Өңірлік Otyrar басылымы хабарлағандай, 3 желтоқсан күні сағат 04.30 шамасында бетперде киген ер адам пышақ және кастет қолдану арқылы қызметкерді қорқытып, жанармай бекетінің кассасындағы ақшаны алып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдікті таксиге отырып, ізін суытпақ болған.
Жанармай құю бекетін тонауға қатысы бар деген күдікке ілінген ер адам Шымкент қаласы полиция департаменті Қаратау аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0