Петропавлдықтар "жедел жәрдемнің" жұмысын QR код арқылы бағалай алады

© Sputnik / Елена БережнаяПетропавлдықтар "жеделжәрдемнің" жұмысытуралы QR кодарқылы пікірқалдыра алады
Петропавлдықтар жеделжәрдемнің жұмысытуралы QR кодарқылы пікірқалдыра алады - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 4 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда енді QR код арқылы жедел жәрдем бригадасының жұмысы туралы пікір қалдыруға болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Облыстық жедел медициналық жәрдем орталығында шақыртуларға баратын қызметкерлер үшін QR код басылған сәйкестендіру бейдждері енгізіліп жатыр.
"Жедел жәрдем қызметкеріне алғыс айту немесе оның жұмысына шағымдану үшін дәрігердің бейджіндегі QR кодты сканерлеу керек. Одан әрі "сайтқа өту" батырмасы шығады, оны басқаннан кейін СҚО облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығы директорының блогы ашылады. Төменге түсіп, кері байланыс формасын табасыз, мұнда өз сұрағыңызды қоюға, қызметкердің жұмысы туралы ұсыныс немесе шағым қалдыруға болады", - деп хабарлады жедел медициналық жәрдем орталығы.
Өтініш "жедел жәрдемнің" электронды мекенжайына жіберіледі.
Жедел жәрдем қызметкерлері кері байланыс, бақылау және халыққа жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту үшін жаңашылдық енгізіп жатқанын атап өтті.
Жаңалықтар
0