Қоғам

Елордада TedxAstana конференциясы ашылды

© Photo : Скриншот видеоTedxAstana конференциясы
TedxAstana конференциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Жазылу
Қазақстанның астанасында волонтерлердің бастамасымен TEDxAstana алтыншы рет өткізіліп отыр
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. 4 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда TEDxAstana іс-шарасы басталды. Биыл конференция сахнасында 13 адам баяндама жасайды.
Биылғы конференцияның спикерлері тізімінде қазақстандық продюсер Қайрат Нұрмұғамбетов, режиссер Қанат Бейсекеев, Оксфорд университеті білім департаментінің зерттеушісі Ольга Мун, ресторатор және Qurt&Wine негізін қалаушы Мұхтар Тойбазаров, жазушы және мәдениеттанушы Юрий Серебрянский, тарихшы Жақсылық Сәбитов бар.
Конференция аясында сонымен қатар Қанат Бейсекеев, Қайрат Нұрмұғамбетов және журналист Оксана Акулованың "Күту тізімі" деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.
TEDx – бүкіл әлемге таратуға тұрарлық идеяларды іздестіруге арналған жаһандық TED қорының жобасы. TED – Канададағы Ванкувер қаласында жылына бір рет өтетін 7 күндік ірі конференция.
TEDx конференциялары 3 мыңнан астам қала мен университетте өткізіледі. Конференция өткізу үшін арнайы TED лицензиясын алу қажет.
Тікелей трансляцияны осы жерден көре аласыз.
Жаңалықтар
0