https://sputnik.kz/20221204/belarus-khabar-24-zhurnalis-ukim-29990160.html
Беларусьте "Хабар 24" журналисіне үкім шықты
Беларусьте "Хабар 24" журналисіне үкім шықты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Минск қалалық соты журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды. 04.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-04T12:24+0500
2022-12-04T12:24+0500
2022-12-04T12:24+0500
әлем
беларусь
журналист
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:413:4608:3005_1920x0_80_0_0_c0d33075335634e1340939c716144147.jpg
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Минск қалалық соты журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды."Беларусь сегодня" ақпарат агенттігі хабарлағандай, Дмитрий Лукша 500 базалық шама (112 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді.Қылмыстық іс бойынша бес айыпталушы, оның ішінде журналистің әйелі де бар. Бұған дейін "Беларусь 1" телеарнасында жұмыс істеген Дмитрий Лукшаға қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын әрекеттерді ұйымдастырды және дайындады немесе оларға белсенді түрде қатысты, сондай-ақ Беларусь елінің беделін түсірді деген айып тағылды.Дмитрий Лукша қамауға алынғанға дейін қазақстандық "Хабар 24" телеарнасының штаттан тыс тілшісі болып жұмыс істеген. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін ол "Хабар 24" және басқа да шетелдік арналар үшін Беларусьте болып жатқан оқиғалар туралы репортаж түсірді."Осындай бірқатар репортаждың сюжетінде Беларусьтегі жағдай туралы ашық теріс және сенімсіз ақпарат болған: дүкендердегі тауарлардың жетіспеушілігі, Беларусь аумағындағы лагерьде тұратын босқындардың күрделі жағдайы, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясындағы біздің елдің рөлі", - деп жазды басылым.Сонымен қатар, басылым ақпаратынша, айыпталушылардың барлығы 2020 жылғы наразылық акцияларына белсенді қатысқан. Үкім шыққан кезде айыпталушылардың қолында кісен болды. Сот залында айыпталушының туыстары мен достары, шамамен он шақты адам болды.
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1284/78/12847860_0:0:4608:3456_1920x0_80_0_0_22260508401e1c7ab639cbf10ca6685c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
беларусь, журналист
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Минск қалалық соты журналист Дмитрий Лукшаның қылмыстық ісі бойынша үкім шығарды.
"Беларусь сегодня" ақпарат агенттігі хабарлағандай, Дмитрий Лукша 500 базалық шама (112 000 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеумен 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жазасын өтейді.
Қылмыстық іс бойынша бес айыпталушы, оның ішінде журналистің әйелі де бар. Бұған дейін "Беларусь 1" телеарнасында жұмыс істеген Дмитрий Лукшаға қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын әрекеттерді ұйымдастырды және дайындады немесе оларға белсенді түрде қатысты, сондай-ақ Беларусь елінің беделін түсірді деген айып тағылды.
Дмитрий Лукша қамауға алынғанға дейін қазақстандық "Хабар 24" телеарнасының штаттан тыс тілшісі болып жұмыс істеген. 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін ол "Хабар 24" және басқа да шетелдік арналар үшін Беларусьте болып жатқан оқиғалар туралы репортаж түсірді.
"Осындай бірқатар репортаждың сюжетінде Беларусьтегі жағдай туралы ашық теріс және сенімсіз ақпарат болған: дүкендердегі тауарлардың жетіспеушілігі, Беларусь аумағындағы лагерьде тұратын босқындардың күрделі жағдайы, Ресейдің Украинадағы арнайы операциясындағы біздің елдің рөлі", - деп жазды басылым.
Сонымен қатар, басылым ақпаратынша, айыпталушылардың барлығы 2020 жылғы наразылық акцияларына белсенді қатысқан. Үкім шыққан кезде айыпталушылардың қолында кісен болды. Сот залында айыпталушының туыстары мен достары, шамамен он шақты адам болды.