Оқиға

Астанада сол жағалаудағы тұрғын үйден өрт шықты

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 4 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында сол жағалаудағы тұрғын үй кешенінде балкон өртенді.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгін 08.28-де Тұран даңғылындағы "Barys City" тұрғын үй кешенінен өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде екінші қабаттағы пәтердің балконы жанып жатқаны анықталды.
"Қатты түтін болды. Құтқарушылар тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Барлығы 16 адам, оның алтауы – бала, сыртқа шығарылды", - делінген хабарламада.
Сағат 09.10-да өрт сөндірілді. Қаза болғандар жоқ.
Жалын 20 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіруге 12 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.
Астанада болған өрт - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.11.2022
Елорда тынысы
Министрлік өрт сөндірушінің өмірін қиған өрттің себебін жариялады
Жаңалықтар
0