Мәдениет

Алматыда халықаралық анимациялық фильмдер фестивалі өтеді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 4 желтоқсан - Sputnik. Алматыда 5-8 желтоқсан аралығында IV халықаралық Amen анимациялық фильмдер кинофестивалі өтеді, деп хабарлайды "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі
Фестивальді OzgeEpic заманауи өнер кеңістігі және Қазақстанның анимациялық киностудиялар қауымдастығы ұйымдастырады. Іс-шара мәдениет және спорт министрлігі Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының және ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асып жатыр.
AMEN 2022 конкурстық бағдарламасына Польша, Франция, Грузия, Испания, Өзбекстан, Қытай, Әзірбайжан, Ресей және Қазақстанның фильмдері қатысады. Жеңімпазды "үздік анимациялық қысқаметражды фильм" үшін Оскар сыйлығына екі мәрте номинант болған Константин Бронзит бастаған беделді қазылар алқасы таңдайды.
Фестиваль барысында биыл Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ киностудиясының базасында құрылған "Қазақанимация" жаңа шығармашылық бірлестігінің тұсаукесері өтеді. "Арман" кино орталығында биыл өндіріске енгізілген жиырма қысқаметражды мультфильм көрсетіледі.
Осы жылы фестивальге "Үздік кәсіби анимациялық фильм", "Үздік студенттік фильм", "Үздік анимациялық сериал", "Үздік сценарий", "Үздік көркем шешім", "Қазылар алқасының арнайы жүлдесі", "Әмен Қайдаров атындағы арнайы марапат", "Қазақстандық анимациялық киностудиялар қауымдастығының "арнайы марапаты" номинациялары және 500 000 теңге мөлшерінде "Гран-при" ұсынылады.
Фестиваль аясында анимация саласындағы халықаралық әріптестермен меморандумдарға қол қойылады.
Жаңалықтар
0