https://sputnik.kz/20221203/zhetisu-oblysynda-qatty-zhelden-eki-zhuk-koligi-audaryldy-29981007.html
Жетісу облысында қатты желден екі жүк көлігі аударылды
Жетісу облысында қатты желден екі жүк көлігі аударылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Жетісу облысында қатты желдің салдарынан екі жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 03.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-03T15:06+0500
2022-12-03T15:06+0500
2022-12-03T15:06+0500
жетісу
жүк көлігі
жел
https://sputnik.kz/img/579/67/5796759_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_c00b11d3a34688c5bfd7d7b13db8d4ed.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Жетісу облысында қатты желдің салдарынан екі жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Әлеуметтік желіде бір бүйіріне аударылған жүк көліктерінің видеосы тарады. Автор жол апатының Алакөл ауданындағы Үшарал - Достық тас жолында болғанын түсіндіреді. Жергілікті полиция бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған жолдың Ырғайта өзенінің маңындағы учаскесінде жиі байқалатын қатты жел салдарынан жүк көліктері аударылып қалған. "Екі жүк көлігі Үшарал - Достық тас жолының 60 шақырымынан 120 шақырымына дейінгі учаскеде жүк және жолаушылар тасымалына қозғалысты шектеу кезінде болды. Екі жүргізушінің де кім екені анықталды. Екеуі де аман-сау. Көліктер тұрғызылып, тиісті бағдар бойынша қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, қазір бұл бағыт барлық көлік түрінің қозғалысы үшін ашық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/579/67/5796759_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_0a90801e901b80e8bb5dc4bb5fc51ba8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, жүк көлігі, жел
Жетісу облысында қатты желден екі жүк көлігі аударылды
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Жетісу облысында қатты желдің салдарынан екі жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде бір бүйіріне аударылған жүк көліктерінің видеосы тарады. Автор жол апатының Алакөл ауданындағы Үшарал - Достық тас жолында болғанын түсіндіреді. Жергілікті полиция бұл ақпаратты растады. Ведомствоның хабарлауынша, аталған жолдың Ырғайта өзенінің маңындағы учаскесінде жиі байқалатын қатты жел салдарынан жүк көліктері аударылып қалған.
"Екі жүк көлігі Үшарал - Достық тас жолының 60 шақырымынан 120 шақырымына дейінгі учаскеде жүк және жолаушылар тасымалына қозғалысты шектеу кезінде болды. Екі жүргізушінің де кім екені анықталды. Екеуі де аман-сау. Көліктер тұрғызылып, тиісті бағдар бойынша қозғалысты жалғастырды", - деп хабарлады Жетісу облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, қазір бұл бағыт барлық көлік түрінің қозғалысы үшін ашық.