https://sputnik.kz/20221203/zhambyl-oblysy-ort-eki-kishkentay-bala-29977966.html
Жамбыл облысында өрттен екі кішкентай бала қаза болды
Жамбыл облысында өрттен екі кішкентай бала қаза болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жер үйдегі өрт салдарынан бес және екі жасар екі бала көз жұмды. 03.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-03T11:43+0500
2022-12-03T11:43+0500
2022-12-03T11:43+0500
өңірлер
жамбыл облысы
өрт
https://sputnik.kz/img/07e5/07/17/17667183_0:78:1500:922_1920x0_80_0_0_0d1e37433713ad0a7af6deea9dbcafb2.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жер үйдегі өрт салдарынан бес және екі жасар екі бала көз жұмды.Қайғылы оқиға сенбіге қараған түні Шу қаласында болды. Жер үйлердің бірініне өрт шыққан. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23:55-те басталған өрт кезінде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған."Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" ММ-нің күшімен (4 қызметкер мен 1 техника) өрт сағат 00:10-да оқшауланып, 00:35-те ауыздықталды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан 2017 және 2020 жылы туған балалардың мәйіті табылды.Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1989 жылғы келіншек екі және бес жасар балаларын үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып кетіп қалған.Бұл факті бойынша Шу ауданы полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлімі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/17/17667183_84:0:1417:1000_1920x0_80_0_0_028e92df5aea221c00c1b5578a4811ee.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, өрт
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Жамбыл облысында жер үйдегі өрт салдарынан бес және екі жасар екі бала көз жұмды.
Қайғылы оқиға сенбіге қараған түні Шу қаласында болды. Жер үйлердің бірініне өрт шыққан. Өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 23:55-те басталған өрт кезінде тұрмыстық заттар мен жиһаз өртеніп, өрт аумағы 30 шаршы метрді құраған.
"Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары" ММ-нің күшімен (4 қызметкер мен 1 техника) өрт сағат 00:10-да оқшауланып, 00:35-те ауыздықталды", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт сөндірілгеннен кейін оқиға орнынан 2017 және 2020 жылы туған балалардың мәйіті табылды.
Қайғылы оқиға кезінде балалар үйде ересектердің қарауынсыз жалғыз болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 1989 жылғы келіншек екі және бес жасар балаларын үйде қалдырып, есікті сыртынан жауып кетіп қалған.
Бұл факті бойынша Шу ауданы полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-бөлімі "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта осы қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.