Қоғам

Ұлттық банк футболдан әлем чемпионатына арналған монеталарды айналымға шығарды

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Ұлттық банкі "Спорт" сериясынан FIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталарын айналымға шығарды, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
FIFA WORLD CUP QATAR 2022 монеталарының дизайнын FIFA Халықаралық футбол федерациясы бекіткен. Катардағы футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ресми ұраны EXPECT AMAZING стадионның электрондық таблосындағы жазу стилінде жасалған. Монетада рельефті орташа деңгейде алтын жалату бойынша жаңа технология қолданылып отыр. Ол монета өндірісінде алғаш рет пайдаланылды және доптың көлемін ерекше көрсетуге мүмкіндік береді. Оның алтын жалатылған бөліктері футбол қақпасының торынан төмен орналасқан.
© Photo : Пресс-служба Нацбанка РКFIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталары
Коллекционные монеты FIFA World Cup Qatar 2022  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
FIFA World Cup Qatar 2022 коллекциялық монеталары
Коллекциялық монеталар алтын жалату технологиясын қолдана отырып, 925/1000 сынамалы күмістен жасалған және олардың салмағы 20 грамм, диаметрі 37 миллиметр, номиналы 100 теңгелік, жалпы таралымы 4 000 дана әзірленді. Ішкі нарық үшін монеталардың таралымы 3 650 дана, сыртқы нарық үшін 350 дананы құрайды.
Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша қабылдануға жатады, сондай-ақ Қазақстанның барлық банкінде банк шоттарына есепке алынып, аударылады, ұсақталады және айырбасталады.
Бұл монеталар Қазақстан Ұлттық банкі, Қазақстан монета сарайы мен MDM неміс нумизматикалық компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында шығарылады. Монеталардың сатылымға түсетін күніне қатысты ақпарат Ұлттық банктің ресми сайтында қосымша жарияланады.
Жаңалықтар
0