https://sputnik.kz/20221203/qazaqstan-ukraina-qaru-eksporty-29978409.html
Қазақстан Украинаға қару экспортын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдады – елші
Қазақстан Украинаға қару экспортын болдырмау үшін тиісті шаралар қабылдады – елші
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Украинаға қару-жарақ сатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей... 03.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-03T12:47+0500
2022-12-03T12:47+0500
2022-12-03T12:47+0500
саясат
алексей бородавкин
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27423654_0:97:3296:1951_1920x0_80_0_0_0e48428e12274f77a4f6677214ebd285.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Украинаға қару-жарақ сатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин."Қазақстан өзінде бар қару-жарақ, әскери техниканы делдал компаниялар арқылы Украинаға сатуға жол бермеу үшін барлық тиісті шараны қабылдады. Қазақстаннан қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға мораторий енгізілді. Бұл жіті және қатаң бақылауда тұр", - деді елші "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің атқарушы директоры Кирилл Вышинскийге берген сұхбатында.Сондай-ақ ол Ресейдің Қазақстанмен шекарасы 7 500 километрді құрайтынын, бұл әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара екенін атап өтті."Бұл бейбітшіліктің, достықтың шекарасы екенін, ол ашық және Қазақстан да, Ресей де бұл шекарада қауіп пен қатерді сезінбейтінімізді айтқым келеді. Осыны ерекше атап өткім келеді. Одақтас ретінде Қазақстан бірінші кезекте мұндай тәуекелдер мен сын-қатерлердің туындамауын бақылауда ұстайды", - деді Бородавкин.Ол сондай-ақ "АҚШ бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан америкалықтарға Қазақстанның әуе кеңістігінде әскери ұшақтарды ұшыру құқығын беруді талап еткенін" атап өтті. "Бұл Қазақстан аспанында америкалық бомбалаушы ұшақтар, шабуылдаушы ұшақтар, жойғыш ұшақтар, барлау ұшақтары пайда болатынын білдіреді", - деді Бородавкин."Ол ұшақтардың бортында ядролық қару болуы мүмкін", - деп қосты Кирилл Вышинский."Мұны тексеру мүмкін болмас еді. Бірақ әрекет ету радиусы кең "әуе-жер" зымырандарының бомбалаушы ұшақтардың люктерінде болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл біз үшін, біздің стратегиялық, шабуылдаушы күштеріміз үшін өте үлкен қауіп төндірер еді. Тіпті АҚШ біздің стратегиялық зымырандарымызға қарусыздандыратын алғашқы соққы беру мүмкіндігіне ие болар еді деп айтар едім", - деді елші.Оның айтуынша, Қазақстан АҚШ-тың ұсынысынан түбегейлі бас тартуының арқасында жоғарыда айтылғандар жүзеге аспады."Тағы бір мысал. Америкалықтар Ауғанстаннан кеткеннен кейін олар Қазақстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттерінен лаңкестерге соққы беру үшін өз аумағында әскери инфрақұрылым мен барлау инфрақұрылымын орналастыруды талап ете бастады. Егер бұл инфрақұрылым пайда болса, оңтүстікте де, солтүстікте де соққы беруі мүмкін еді. Бұл тағы бір қауіп тудырар еді. Бірақ олар мұндай талапты орындаудан бас тартты", - деді елші.Сондай-ақ ол өткен жылдары Қазақстан да Ресей сияқты НАТО-мен ынтымақтастық орнатқанын, ал НАТО қазақстандық қарулы күштермен бірлесе отырып, Қазақстан аумағында "Дала қыраны" әскери жаттығуларын өткізгенін еске салды. Ол маневрлер БҰҰ бітімгершілік күштерінде бітімгерлерді дайындауға бағытталған деп насихатталған."Бірақ, шын мәнінде, қазақстандық достарымыз көз жеткізгендей, мақсаттар біршама басқаша болды. Сондықтан, біздің өтінішімізден кейін Қазақстан бұл оқу-жаттығуларды өз аумағында өткізуден бас тартты", - деді Бородавкин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/09/27423654_283:0:3014:2048_1920x0_80_0_0_1e73cff74870118be0fac7af2b4115c3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алексей бородавкин
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан Украинаға қару-жарақ сатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасады, деп мәлімдеді Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин.
"Қазақстан өзінде бар қару-жарақ, әскери техниканы делдал компаниялар арқылы Украинаға сатуға жол бермеу үшін барлық тиісті шараны қабылдады. Қазақстаннан қару-жарақ пен әскери техниканы экспорттауға мораторий енгізілді. Бұл жіті және қатаң бақылауда тұр", - деді елші "Россия сегодня" халықаралық ақпарат агенттігінің атқарушы директоры Кирилл Вышинскийге берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол Ресейдің Қазақстанмен шекарасы 7 500 километрді құрайтынын, бұл әлемдегі құрлықтағы ең ұзын шекара екенін атап өтті.
"Бұл бейбітшіліктің, достықтың шекарасы екенін, ол ашық және Қазақстан да, Ресей де бұл шекарада қауіп пен қатерді сезінбейтінімізді айтқым келеді. Осыны ерекше атап өткім келеді. Одақтас ретінде Қазақстан бірінші кезекте мұндай тәуекелдер мен сын-қатерлердің туындамауын бақылауда ұстайды", - деді Бородавкин.
Ол сондай-ақ "АҚШ бірнеше жыл бұрын Қазақстаннан америкалықтарға Қазақстанның әуе кеңістігінде әскери ұшақтарды ұшыру құқығын беруді талап еткенін" атап өтті. "Бұл Қазақстан аспанында америкалық бомбалаушы ұшақтар, шабуылдаушы ұшақтар, жойғыш ұшақтар, барлау ұшақтары пайда болатынын білдіреді", - деді Бородавкин.
"Ол ұшақтардың бортында ядролық қару болуы мүмкін", - деп қосты Кирилл Вышинский.
"Мұны тексеру мүмкін болмас еді. Бірақ әрекет ету радиусы кең "әуе-жер" зымырандарының бомбалаушы ұшақтардың люктерінде болуы мүмкін деген болжам бар. Бұл біз үшін, біздің стратегиялық, шабуылдаушы күштеріміз үшін өте үлкен қауіп төндірер еді. Тіпті АҚШ біздің стратегиялық зымырандарымызға қарусыздандыратын алғашқы соққы беру мүмкіндігіне ие болар еді деп айтар едім", - деді елші.
Оның айтуынша, Қазақстан АҚШ-тың ұсынысынан түбегейлі бас тартуының арқасында жоғарыда айтылғандар жүзеге аспады.
"Тағы бір мысал. Америкалықтар Ауғанстаннан кеткеннен кейін олар Қазақстан мен Орталық Азияның басқа мемлекеттерінен лаңкестерге соққы беру үшін өз аумағында әскери инфрақұрылым мен барлау инфрақұрылымын орналастыруды талап ете бастады. Егер бұл инфрақұрылым пайда болса, оңтүстікте де, солтүстікте де соққы беруі мүмкін еді. Бұл тағы бір қауіп тудырар еді. Бірақ олар мұндай талапты орындаудан бас тартты", - деді елші.
Сондай-ақ ол өткен жылдары Қазақстан да Ресей сияқты НАТО-мен ынтымақтастық орнатқанын, ал НАТО қазақстандық қарулы күштермен бірлесе отырып, Қазақстан аумағында "Дала қыраны" әскери жаттығуларын өткізгенін еске салды. Ол маневрлер БҰҰ бітімгершілік күштерінде бітімгерлерді дайындауға бағытталған деп насихатталған.
"Бірақ, шын мәнінде, қазақстандық достарымыз көз жеткізгендей, мақсаттар біршама басқаша болды. Сондықтан, біздің өтінішімізден кейін Қазақстан бұл оқу-жаттығуларды өз аумағында өткізуден бас тартты", - деді Бородавкин.