Қоғам

Маман болжам жасады: желтоқсан айында қазақстандықтарды не күтіп тұр

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова желтоқсан айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әлемдегі ахуал

Жұлдызнамашының болжамынша, желтоқсанда аса қатты ештеңе өзгере қоймайды. Айдың басында келіссөз жүргізу жайлы әңгіме көп айтылады, ал соңына қарай, әсіресе қаржы-экономика саласында жағдай ушығып кетуі ықтимал.
"Нептунмен бір шаршыда орналасқан Марстың кері қозғалысы жалғасады. Бұл әскери іс-қимылды, мұнай-газ құбырларындағы апатты білдіреді. Желтоқсан, әсіресе, жылдың соңғы күндері Ресей үшін айтарлықтай қиын болады. Украина халқына да оңай соқпайды", - дейді Әбдірайымова.
Айтуынша, бұл айда жалған ақпарат ағыны бәсеңдемейді, тыңшылықпен байланысты дау туып, құпия ақпарат жария болуы мүмкін. Құпия саяси ойындар одан әрі жалғасады.
Желтоқсанның соңғы күндері биржа үшін турбулентті кезең, баға жиі құбылады, сондай-ақ валюта бағамы тұрақсыз болады. Сол себепті маман қаржылық тәуекелдермен байланысты мәмілелер мен келісімшарттар жасаспауға кеңес береді.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Қоғам
Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап не өзгереді
Сондай-ақ, астрологтың болжамынша, айдың соңғы онкүндігінде адамзатқа ықпал ететін энергиялар ауысады – оптимизм реализмге, жомарттық үнемшілдікке алмасады, көпшіл адамдар оңаша қалуға тырысады.

Ай күндеріне болжам

2, 3 желтоқсан – алдап-арбауға, сатқындыққа бейімділік кезеңі. Әсіресе бұл ер адамдарға қатысты, ал әйелдер шығынға ұшырауы немесе тоналуы мүмкін.
5, 6, 7 желтоқсан – шамадан тыс оптимизм, серіктестер арасындағы түсініспеушілік, күйгелектік пен қызбалық уақыты. Әр оппонент өз көзқарасын дұрыс деп санайды, сондай-ақ бұл күндері жеке қарым-қатынасқа қатысты шешімді ой елегінен өткізіп барып қабылдаған жөн. Сонымен қатар бұл кезеңде идеологиялық даулардан аулақ тұрған абзал, өйткені мұның соңы жақсылыққа апармайды.
7, 8 желтоқсан – өрт, жарақат, өндірістік жарақат ықтималдығы артады. Адам өзін нашар сезінуі мүмкін, сол себепті физикалық ауыртпалықтардан аулақ болу қажет, әсіресе бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан адамдарға қатысты.
8, 9 желтоқсан – қаржылық проблемалар туындауы мүмкін.
10 –12 желтоқсан – тыныш кезең, адамдар рационалдық пен байыптылық танытады.
13, 14 желтоқсан – әлдекімді тым қолпаштап, асыра мақтап-мадақтаудан аулақ болыңыз.
15 -19 желтоқсан аралығы – делдалдық және жарнама қызметі, оқу, келіссөз жүргізу үшін жақсы кезең.
20, 21 желтоқсан – аса қажет болмаса, басшылыққа, ресми органдарға, әлеуметтік институттарға беталды жүгінбеген жөн.
22 мен 27 желтоқсан аралығында бастама көтеруден қорықпайтын, еркіндікке, тәуелсіз болуға ұмтылатын адамдарға сәттілік серік болады.
26, 27 желтоқсан – романтикалық кездесулер мен көрісулер уақыты.
29 желтоқсан Меркурийдің кері қозғалысы басталады, сол себепті Жаңа жылды басқа жерде қарсы алғысы келетіндер жолға ертерек қамданғаны абзал. Себебі рейстер кешігіп, діттеген жерге уақытында жете алмай қалуыңыз мүмкін. Мүмкіндік болса, ұшақ билетін 26, 27 желтоқсан күндеріне алыңыз.
Бұдан бөлек, 29 желтоқсан күні тұрмыстық және компьютерлік техника, байланыс құралдарын сатып алмаған дұрыс.
30, 31 желтоқсан күндері өз-өзіңізге іштей көңіліңіз толмай, айналаға сын көзбен қарап, тез ренжисіз, өкпелейсіз. Сол себепті бүкіл шаруаны 29 желтоқсанға дейін тындырып тастаған абзал.
Автокөлікпен және ұшақпен жолға шыққанда абай болыңыз. Әсіресе бұл айдың 13-і мен 21-і аралығында туған Тауешкі, Тоқты, Шаян және Таразыларға қатысты.
Ал осы кезеңде дүниеге келген Балық, Торпақ, Бикеш, Сарышаяндар күтпеген жерден олжаға кенеліп, жақсы адамдармен танысуы мүмкін.
Жаңалықтар
0