Көрші ауылдан қайтқан: Абай ауданында ерлі-зайыпты мен немересі үсіп қалды

© Sputnik / Юрий Кавер / Медиабанкке өтуТучи,облака над мартовским полем
Тучи,облака над мартовским полем  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Абай ауданында ер адам мен әйел және олардың 3 жасар немересі үсіктен көз жұмды, деп хабарлайды жергілікті @abainewskz порталы.
Жантүршіктірерлік оқиға Жарма ауданы Терістанбалы ауылында болды. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, ерлә-зайыпты 3 жасар немересімен қаладан ауылға барып, ол жақтан өздерін қонаққа шақырған басқа ауылға аттанған.
Түннің бір уақытында үйіне қайту үшін олар жолшыбай көлік ұстап, ауылдарына қарай жолға шығады. Бірақ, ауылға 1 шақырым қалғанда олар көліктен түсіп, немересін қолдарына алып, жаяу жүрген. Жүргізуші межелі жерге жеткізбей тастап кетті ме, әлде өздері қалдыруды сұрады ма, ол жағын туыстары нақты білмейді.
"Таңертең олардың мәйіттері табылған кезде әйел адам ауылдан 50 метр жерде, ал ер адам мен немересі 100 метр жерде жатқан. Қазір туыстары аязды ауа райында адамдарды далада қалдыру себебін анықтау үшін жүргізушіні іздеп жатыр", - деп мәлімдеген агенттікке марқұмдардың отбасының туысы.
Бұл деректі Жарма аудандық полиция бөлімі растады. Кеше марқұмдарды жерлеу рәсімі өтті.
Жаңалықтар
0