https://sputnik.kz/20221203/fitch-ratings-qazaqstan-tauelsiz-kredittik-reytingi-29977161.html
Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам –... 03.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-03T10:59+0500
2022-12-03T10:59+0500
2022-12-03T10:59+0500
экономика
кредит
рейтинг
https://sputnik.kz/img/old/948/66/9486615_208:0:3792:2016_1920x0_80_0_0_80635642942b345d61fd4b689936d615.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам – "тұрақты", деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.Сыртқы күйзелістерге тұрақтылық көрсеткен қуатты фискалдық позиция мен әжептәуір сыртқы резервтер Қазақстанның кредиттік рейтингін сақтап қалудың басты факторлары болып қалып отыр.Fitch Ratings бағалауынша, халықаралық резервтер 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37,8%-ін құрады, бұл ұқсас кредиттік рейтингі бар елдердің медианалық көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Бұл ретте агенттік елдің шикізатқа тәуелділігін, инфляцияның жоғары деңгейі мен экономикалық саясат бағдарламасының жеткілікті пысықталмағанын атап өтті.Агенттіктің мәліметінше, негізгі экспорттық тауарлар бағасының жоғары болуы және 2024 жылға қарай Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісінің артуы аймақтағы геосаяси жағдайдың ықпалын шектейді.Fitch Ratings сарапшылары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляцияның шарықтау шегі болады деп күтіп отыр, ал орташа инфляция 9,5% болады деп болжайды. Агенттік Ұлттық банктің еркін айырбас бағамына беріктігіне баса назар аударады, бұл күйзелістерді алдын алуға мүмкіндік береді.Агенттік, сондай-ақ, қазақстандық банк секторының жеткілікті капиталдандырылғанын, көрсеткіштері жақсарғанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме және басқа да бірқатар шара депозиттердің жылыстауына жол бермей, депозиттер мен несиелердің деңгейін өзгеріссіз ұстауға мүмкіндік берді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/948/66/9486615_656:0:3344:2016_1920x0_80_0_0_5243e806e20e5856840f4e81761211e0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, рейтинг
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Халықаралық Fitch Ratings рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін "BBB" деңгейінде растады, болжам – "тұрақты", деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Сыртқы күйзелістерге тұрақтылық көрсеткен қуатты фискалдық позиция мен әжептәуір сыртқы резервтер Қазақстанның кредиттік рейтингін сақтап қалудың басты факторлары болып қалып отыр.
Fitch Ratings бағалауынша, халықаралық резервтер 2021 жылдың соңында ЖІӨ-нің 37,8%-ін құрады, бұл ұқсас кредиттік рейтингі бар елдердің медианалық көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Бұл ретте агенттік елдің шикізатқа тәуелділігін, инфляцияның жоғары деңгейі мен экономикалық саясат бағдарламасының жеткілікті пысықталмағанын атап өтті.
Агенттіктің мәліметінше, негізгі экспорттық тауарлар бағасының жоғары болуы және 2024 жылға қарай Теңіз кенішіндегі мұнай өндірісінің артуы аймақтағы геосаяси жағдайдың ықпалын шектейді.
Fitch Ratings сарапшылары 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында инфляцияның шарықтау шегі болады деп күтіп отыр, ал орташа инфляция 9,5% болады деп болжайды. Агенттік Ұлттық банктің еркін айырбас бағамына беріктігіне баса назар аударады, бұл күйзелістерді алдын алуға мүмкіндік береді.
Агенттік, сондай-ақ, қазақстандық банк секторының жеткілікті капиталдандырылғанын, көрсеткіштері жақсарғанын атап өтті. Сарапшылардың пікірінше, ұлттық валютадағы депозиттер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме және басқа да бірқатар шара депозиттердің жылыстауына жол бермей, депозиттер мен несиелердің деңгейін өзгеріссіз ұстауға мүмкіндік берді.