Елорда тынысы

Елордалық құтқарушылар хоккей турниріндегі жеңісін Асқар Забикулинге арнады

© Photo : МЧС КазахстанаАсқар Забикулин
Асқар Забикулин - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Елордалық ТЖ департаментінің құтқарушылары құқыққорғау органдары арасында шайбалы хоккейден өткен турнирде чемпион атанды.
Олар өз жеңісін марқұм болған өрт сөндіруші Асқар Забикулинге арнады, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
1-2 желтоқсан аралығында Петропавлда Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай шайбалы хоккейден құқыққорғау органдары арасында республикалық турнир өтті.
Турнирге Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Астана, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің командалары қатысты.
Турнирдің мақсаты сала қызметкерлерінің физикалық дайындығының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, моральдық-еріктік қасиеттерін дамыту, хоккейді спорт түрі ретінде дамыту және кеңінен насихаттау болды.
Жарыс басталар алдында шараға жиналғандар өрт кезінде адамдарды құтқарып қалған Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушісі марқұм Асқар Забикулинді бір минут үнсіздікпен еске алды.
Жаңалықтар
0