Қоғам

Рөлде ешкім отырмаған: елордада автокөлік аялдамаға соғылды

© Sputnik / Владислав ВодневАялдама, архивтегі сурет
Аялдама, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Астана қаласында жүргізушісі жоқ көлік аялдамаға соқтығысты.
Оқиға 2 желтоқсан күні Қонаев көшесінде болған.
"21 жастағы жүргізуші ВАЗ 2114 маркалы көлігін өздігінен жүруді болдырмайтын шараларды қолданбай тастап кеткен. Салдарынан көлік аялдамаға барып соғылған",- деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол апаты кезінде аялдамада адамдар болмаған. Аялдамаға зақым келді.
Белгілі болғандай, жүргізуші Қонаев көшесіндегі үйдің маңайына көлігін қойып, кетіп қалған.
Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, шешім қабылдау үшін Астана қаласының әкімшілік сотына жіберілді.
Полиция департаменті жүргізушілерге сақ болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
Жаңалықтар
0