Өңірлер

Екібастұздағы науқастар мен жүкті әйелдер Павлодарға көшіріліп жатыр

CC0 / Pixabay / Архивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Жексенбіден бері жылуға жарымай отырған Екібастұздың перзентханасынан жүкті әйелдер шұғыл түрде Павлодарға жіберіліп жатыр. Көшірілгендер арасында ауыр науқастар да бар, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Қазір қаладағы барлық медициналық ұйым бақылауда. Ауруханадағы жылу да қалпына келтірілген. Ондағы науқастардың жағдайын әр екі-үш сағат сайын бақылап отырмыз, дейді денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.
"Тиісті жағдай жасалған ауруханаларда бар науқас емделіп жатыр. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Министрлік ондағы денсаулық сақтау нысандарына қатысты жағдайды қадағалап отыр. Сонымен қатар бейнебақылау жүйесі арқылы да көмек көрсетіледі. Босанатын әйелдер бірден Павлодарға жіберіледі", - деді Ғиният.
Осы күндері суық өтіп салқын тиген адам болмапты. Қала тұрғындарына барлық медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп сендірді ведомство басшысы.
Экибастуз - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2022
Екібастұз жылу энергетикалық орталығының жұмысшылары тұрғындарға үндеу жасады – видео
Жаңалықтар
0