https://sputnik.kz/20221203/atyrau-manynda-sapasyz-zhurgizilgen-zhumys-saldarynan-aumagy-6-gektar-kol-payda-boldy-29981633.html
Атырау маңында сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан аумағы 6 гектар көл пайда болды
Атырау маңында сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан аумағы 6 гектар көл пайда болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Әлеуметтік желілерде қала іргесіндегі Қарабатан жанындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық... 03.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-03T19:12+0500
2022-12-03T19:12+0500
2022-12-03T19:12+0500
атырау облысы
көл
экология
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17318814_0:527:2047:1678_1920x0_80_0_0_d592a4a2b6ecee052421ba603af44141.jpg
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Әлеуметтік желілерде қала іргесіндегі Қарабатан жанындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көлдің түзілгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Ақжайық.Осы су қоймасының суреттері мен видеолары тарап жатыр. Ал Petrocouncil.kz телеграм-каналында көлдің "Базис Констракшн" АҚ жүзеге асырып жатқан "Су дайындау" жобасындағы сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан пайда болғаны хабарланды. Тапсырыс беруші – "Karabatan Utilities Solution" ЖШС. Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі бұл аумақта судың төгілгенін растады." Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды, қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр", - деп хабарлады экология департаменті. Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады. Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды. Аталған заң бұзушылық фактісі бойынша Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы хаттама дайындап жатыр. Табиғат қорғау прокуроры Асхат Қасимовтың айтуынша, олар да бұл жағдайды бақылауға алған.
атырау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/0b/17318814_0:335:2047:1870_1920x0_80_0_0_42bd2aaf1a0113db02403867450fd79e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау облысы, көл, экология
атырау облысы, көл, экология
Атырау маңында сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан аумағы 6 гектар көл пайда болды
АСТАНА, 3 желтоқсан - Sputnik. Әлеуметтік желілерде қала іргесіндегі Қарабатан жанындағы "Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі" арнайы экономикалық аймағының аумағында көлемі 6 гектарға жуық көлдің түзілгені туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды
Ақжайық. Осы су қоймасының суреттері мен видеолары тарап жатыр.
Ал Petrocouncil.kz телеграм-каналында көлдің "Базис Констракшн" АҚ жүзеге асырып жатқан "Су дайындау" жобасындағы сапасыз жүргізілген жұмыс салдарынан пайда болғаны хабарланды. Тапсырыс беруші – "Karabatan Utilities Solution" ЖШС.
Атырау облыстық экология департаментінің баспасөз қызметі бұл аумақта судың төгілгенін растады.
" Су сынамасы алынып, зертханалық талдауға тапсырылды, қазір су төгілген бұл аумақтың кімге тиесілі екені анықталып жатыр", - деп хабарлады экология департаменті.
Нәтижесі дүйсенбіде дайын болады.
Сондай-ақ бұл аумақта су ағызуға рұқсат жоқ екені белгілі болды. Аталған заң бұзушылық фактісі бойынша Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы хаттама дайындап жатыр.
Табиғат қорғау прокуроры Асхат Қасимовтың айтуынша, олар да бұл жағдайды бақылауға алған.