Астанадағы мешітке Әбсаттар қажының есімі беріледі

Абсаттар кажы Дербисали
Абсаттар кажы Дербисали - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан — Sputnik. Бұл туралы көрнекті ғалым, академик, дипломат Әбсаттар қажы Дербісәлінің 75 жылдығы, діни қызметінің 50 жылдығына арналған конференциясында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хабарлады.
"Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің есімін республикамыздағы жаңа мешіттің біріне беру жөнінде Төралқа мәжілісінде арнайы қаулы қабылдайтынын жеткіземін. Бұл ұстазымыздың есімін ардақтау жолындағы игі қадамның бірі болмақ.
Алла Тағала игі істерімізге мол сауаптан жазсын!" деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.
Жаңалықтар
0