Өңірлер

Алматы облысында бұталардың арасынан қару-жарақ қоймасы табылды

© Photo : Сайт Polisia.kzАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 3 желтоқсан – Sputnik. Алматы облысында қару-жарақ сақталған орын табылды.
2 желтоқсанда сағат 19:15 шамасында жедел-іздестіру шаралары барысында облыстық полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы және ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, қару-жарақ қоймасын анықтады.
Талғар ауданы аумағында Алмалық ауылына жетпей, жолдың жанындағы бұталардың арасынан қытайлық жол сөмкесі табылған. Оның ішінен 7,62 мм калибрлі бір аңшы мылтығы, тегіс ұңғылы екі шолақ мылтық, пневматикалық тапанша, оқ-дәрі және 115 түрлі патрон тәркіленді.
Бұл факті Талғар ауданының полициясында тіркелді. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Талдықорғанда зауыт жанынан қару-жарақ табылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.11.2022
Далада ойнап жүрген балалар қару-жарақ қоймасын тапты
Жаңалықтар
0