Жаңартылатын энергия көздерінен алынған электр қуатының көлемі 21%-ға өсті

© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаЖел электр станциясы
Жел электр станциясы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанда осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) нысандары арқылы 3,9 млрд кВт/сағ электр энергиясы өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 21%-ға артық.
Жаңартылатын энергия нысандарының жалпы өндірістегі үлесі 4,6%-ға жетті, бір жыл бұрын 3,9% болған, деп хабарлады Energyprom.kz.
Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша жаңартылатын энергия көздері нысандарының қуаты 2,3 мың МВт болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 21%-ға артық.
Қуаттың басым бөлігі күн электр станцияларына тиесілі – 49,4%, бір жыл ішінде 11,3% артқан.
Тағы 893,9 МВт жел электр станцияларынан, 280,2 МВт шағын су электр стансаларынан, 1,5 МВт биоэлектр станцияларынан алынды.
Сонымен қатар жел электр станциялары ең көп көлемді өндірді: 1,6 млрд кВт/сағ, бір жылда 38,5%-ға артқан. Екінші орында күн электр станциялары: 1,5 млрд кВт/сағ, плюс 7,9%.
Шағын су электр станцияларында электр энергиясын өндіру бір жылда 17,6%-ға өсіп, 789,8 млн кВтсағ-қа жетті, ал биоэлектр станцияларында керісінше 56,9%-ға азайып, 1,1 млн кВт/сағ болды.
"Жасыл экономикаға" бағытталған инвестиция 2021 жылдың қорытындысы бойынша 103,8 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13,7%-ға аз.
Өңірлер арасында инвестицияның ең көп көлемі Жамбыл облысына тартылды: 52,4 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 8,3 есеге артық. Олардан кейін Ақтөбе (25,6 млрд теңге, жылдық өсім – 2,6 есе) және Ақмола (11,2 млрд теңге, минус 81,5%) облыстары тұр. Тұтастай алғанда Қазақстанның 11 өңірінде ғана секторға инвестиция құйылған.
Жаңалықтар
0