https://sputnik.kz/20221202/shygarmashyl-zhastar-arasynda-ashyq-sakhna-bayqauy-bastaldy-29966631.html
Шығармашыл жастар арасында "Ашық сахна" байқауы басталды
Шығармашыл жастар арасында "Ашық сахна" байқауы басталды
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. "Астана Балет" театры шығармашыл жастар арасында I республикалық "Ашық сахна" байқауы басталғанын жариялады. 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T22:11+0600
2022-12-02T22:11+0600
2022-12-02T22:11+0600
байқау
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/10/29367432_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_fe7efc6be7c849c2c9c555da58f1a306.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. "Астана Балет" театры шығармашыл жастар арасында I республикалық "Ашық сахна" байқауы басталғанын жариялады.Оған 18 бен 45 жас аралығындағы дарындар қатыса алады."Ашық сахна" республикалық байқауы бес іріктеу кезеңінен тұрады. "Хореография", "Либретто", "Музыка", "Сценография" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады.Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, "Астана Балет" театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі.Театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің айтуынша, осы тектес байқау өткізу идеясы көптен ойда жүрген, алайда енді ғана оны толық жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр.Байқау 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры – 4 000 000 теңге.Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-21 желтоқсан аралығында ashyq_sakhna@astanaballet.kz электронды поштасына жолдау керек. "Астана Балет" театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.Байқаудың қазылар алқасының құрамында "Астана Балет" театрының басшылығы мен еліміздің мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер бар.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/10/29367432_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_9fa2056cbad6ae6180574137832f138c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
байқау
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. "Астана Балет" театры шығармашыл жастар арасында I республикалық "Ашық сахна" байқауы басталғанын жариялады.
Оған 18 бен 45 жас аралығындағы дарындар қатыса алады.
"Ашық сахна" республикалық байқауы бес іріктеу кезеңінен тұрады. "Хореография", "Либретто", "Музыка", "Сценография" аталымдары бойынша жеңімпаздар анықталады.
Бірінші кезең онлайн форматта өтеді. Әр аталым бойынша жеңімпазға 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай жүлдемен қатар, "Астана Балет" театрының репертуарына қосылатын толыққанды хореографиялық туынды шығаруға мүмкіндік беріледі.
Театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахридің айтуынша, осы тектес байқау өткізу идеясы көптен ойда жүрген, алайда енді ғана оны толық жүзеге асыру мүмкіндігі туып отыр.
"Біздің, яғни, идея авторлары мен ұйымдастырушылардың негізгі міндеті – хореография өнері саласындағы дарынды хореограф, сценограф, композитор және сценаристерді тауып, оларға қолдау көрсету. Қазіргі заманғы отандық хореографияны дамыта түсу үшін жас авторларды жаңа идея мен форма іздеуге ынталандырмақпыз", - деп ой бөлісті Авахри.
Байқау 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2023 жылдың мамыр айына дейін жалғасады. Жүлде қоры – 4 000 000 теңге.
Байқауға қатысу туралы өтінішті 2022 жылғы 1-21 желтоқсан аралығында
ashyq_sakhna@astanaballet.kz электронды поштасына жолдау керек. "Астана Балет" театрының сайтында әр аталым бойынша байқаудың регламенті және шарттарымен танысуға болады.
Байқаудың қазылар алқасының құрамында "Астана Балет" театрының басшылығы мен еліміздің мәдениет және өнер саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер бар.