https://sputnik.kz/20221202/qantar-tragediyasy-turaly-derekti-filmnin-birinshi-bolimi-korsetildi-29967609.html
Қаңтар трагедиясы туралы деректі фильмнің бірінші бөлімі көрсетілді
Қаңтар трагедиясы туралы деректі фильмнің бірінші бөлімі көрсетілді
Sputnik Қазақстан
Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі зерттеп... 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T16:10+0500
2022-12-02T16:10+0500
2022-12-02T16:11+0500
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19197802_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_4624f7521ec55913e0d9fd12bb224540.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Қаралы қаңтардың бір жылдығы қарсаңында еліміз үшін ауыр сынақ болған трагедия жайлы журналистік зерттеу жанрындағы бес сериялы деректі фильмнің "Алматы" телеарнасынан бірінші бөлімі көрсетілді.Фильмде эксклюзивті сұқбат пен белгісіз фактілер ұсыну арқылы қанды оқиғаның сағаттық хронологиясы қалпына келтірілді. Қатысушылар, куәгерлер, жәбірленуші мен сарапшылар пікір білдірген.Басында еліміздегі қалаларда бейбіт басталған шеру әртүрлі белсенділер мен блогерлердің арандатқан үндеуінен кейін ушығып кеткен. Олар шерушілерді батыл іс қимыл жасауға – тәртіпсіздікке, полицияға қарсылық көрсетуге итермеледі.Куәгердің айтуынша, олар алаңға қарай бара жатқанда бір-бірімен рация арқылы сөйлескен қара киімді жігіттерді байқапты."Көргенде рацияны қайдан алуы мүмкін, мүмкін омондардан алған шығар деп ойладым. Бірақ өздері алып келуі де мүмкін ғой. Білмеймін. Дене бітімдері шымыр болатын. Дайындалған жігіттер екені көрініп тұр. Ірі денелі. Омондар үшін жай жігіттер сөз емес. Ал аналар омондардың өзін күрестің әдістерімен, лақтырып жатты. Олар қолмен соққаны аздай, таспен атқылады. Қолына не түссе, сонымен ұрды. Сосын олардың киімдерін шешіп, өздері киіп алып, алаңда жүрді", - дейді куәгер Берікқазы Әлимұхаметов.Ресми мәлімет бойынша, бір тәулікте еліміздегі тәртіпсіздікке бірнеше мың адам қатысқан. Олардың ішінде арандап, заңсыз үндеуге еріп кеткендер де бар. Ал араңдатушылар осыны пайдаланып полиция қызметкерлерінің, әскерилердің киімі мен жабдықтарын тартып алған.Екінші серияның тұсаукесері "Алматы" телеарнасында келесі бейсенбіде көрсетіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/16/19197802_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_f6ba1c23ae6ed8d8dc835b1a6ce1451f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қаңтар оқиғасы
Қаңтар трагедиясы туралы деректі фильмнің бірінші бөлімі көрсетілді
16:10 02.12.2022 (жаңартылды: 16:11 02.12.2022) Жобаны жүзеге асырушылардың айтуынша, журналистік зерттеу жанрындағы авторлық фильмнің мақсаты – қаңтар оқиғасының хронологиясын егжей-тегжейлі зерттеп, қалпына келтіру
АСТАНА, 2 желтоқсан — Sputnik. Қаралы қаңтардың бір жылдығы қарсаңында еліміз үшін ауыр сынақ болған трагедия жайлы журналистік зерттеу жанрындағы бес сериялы деректі фильмнің
"Алматы" телеарнасынан бірінші бөлімі көрсетілді.
Фильмде эксклюзивті сұқбат пен белгісіз фактілер ұсыну арқылы қанды оқиғаның сағаттық хронологиясы қалпына келтірілді. Қатысушылар, куәгерлер, жәбірленуші мен сарапшылар пікір білдірген.
Басында еліміздегі қалаларда бейбіт басталған шеру әртүрлі белсенділер мен блогерлердің арандатқан үндеуінен кейін ушығып кеткен. Олар шерушілерді батыл іс қимыл жасауға – тәртіпсіздікке, полицияға қарсылық көрсетуге итермеледі.
Куәгердің айтуынша, олар алаңға қарай бара жатқанда бір-бірімен рация арқылы сөйлескен қара киімді жігіттерді байқапты.
"Көргенде рацияны қайдан алуы мүмкін, мүмкін омондардан алған шығар деп ойладым. Бірақ өздері алып келуі де мүмкін ғой. Білмеймін. Дене бітімдері шымыр болатын. Дайындалған жігіттер екені көрініп тұр. Ірі денелі. Омондар үшін жай жігіттер сөз емес. Ал аналар омондардың өзін күрестің әдістерімен, лақтырып жатты. Олар қолмен соққаны аздай, таспен атқылады. Қолына не түссе, сонымен ұрды. Сосын олардың киімдерін шешіп, өздері киіп алып, алаңда жүрді", - дейді куәгер Берікқазы Әлимұхаметов.
Ресми мәлімет бойынша, бір тәулікте еліміздегі тәртіпсіздікке бірнеше мың адам қатысқан. Олардың ішінде арандап, заңсыз үндеуге еріп кеткендер де бар. Ал араңдатушылар осыны пайдаланып полиция қызметкерлерінің, әскерилердің киімі мен жабдықтарын тартып алған.
Екінші серияның тұсаукесері "Алматы" телеарнасында келесі бейсенбіде көрсетіледі.