Петропавлда тағы құбыр жарылды: тұрғындар сусыз қалды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуОтключение воды, архивное фото
Отключение воды, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2022
Жазылу
ПЕТРОПАВЛ, 2 желтоқсан - Sputnik. Петропавлда су құбырында тағы да апат болып, қала сусыз қалды.
"Қызылжар су" ЖШС бас инженерінің орынбасары Ербол Нәбиев хабарлағандай, Мұқанов көшесінің қиылысына жақын Жұмабаев көшесінде диаметрі 800 мм су құбыры жарылған.
"Қазіргі уақытта авариялық учаскені оқшауланып жатыр. Шамамен 15 үй, бір аурухана, нан комбинаты, бейімдеу орталығы және заңгерлік фирма сусыз қалды. Біз апатты жоямыз, қазіргі уақытта қаладағы қысым төмендеді, учаске толығымен оқшауланғаннан кейін бір жарым сағат ішінде қысымды қалпына келтіреміз", - деп түсіндірді ол.
Кәсіпорынның бас инженері орынбасарының айтуынша, апатты жоюға қанша уақыт кететіні тек жарылыс аумағын анықтаған соң белгілі болады.
"Құбырдың жарылған жерін табу керек. Қандай мөлшерде жөндеу жасалады, қанша уақытты алатыны сонда ғана белгілі болады", - деп қорытындылады Набиев.
Сондай-ақ жағдайды қала әкімі Руслан Анбаев түсіндірді.
"Мен апат орнында тұрмын. Су құбыры жабылды, мамандар себептерін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта қаланың көп бөлігінде су беру қысымы төмендеді. Көше ауданындағы 15-ке жуық үйде су өшірілді. Қазіргі уақытта облыстық балалар ауруханасы, бейімдеу орталығы және Петропавл нан комбинаты, "Севказэнерго" АҚ сусыз қалып отыр", - деді Анбаев.
Ол қаланың сусыз қалмайтынына сендірді.
"Бірнеше сағат ішінде біз судың қысымын біртіндеп көтереміз. Апат учаскесіне түсетін тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар үшін су тасымалы жүзеге асырылады", - деп сендірді Руслан Анбаев.
Айта кетейік, сол магистральдық су құбырында ірі апат 6 қарашада ғана болған болатын. Салдарынан бір тәулікке 14 көпқабатты үй немесе 825 абонент, сондай-ақ бес әлеуметтік нысан сумен қалды. Апатты жоюға екі сағаттан артық уақыт кетті. Сол кезде көшпелі брифингте "Қызылжар су" ЖШС атқарушы директоры Арман Саутов бұл су құбырының жаңа, 50 жылға кепілдік беретінін айтқан.
"2009 жылы бюджет қаражаты есебінен салынды. Мұнда, құбырларды бір біріне жалғау кезінде ақау кеткен болуы мүмкін. 2017 жылы дәл осы учаскеде апат болды. Иә, бұл сол су құбыры және сондай проблема. Бірақ бұл су құбырын жасаған мердігерді жауапкершілікке тарта алмаймыз, өйткені біз бұл жобаның тапсырыс берушілері емеспіз. Сонымен қатар, бұл фирма енді жоқ", - деді сол кезде Саутов.
Жаңалықтар
0