https://sputnik.kz/20221202/eldegi-energiya-nysandary-qauiptiligine-qaray-toptarga-bolinedi-29947891.html
Елдегі энергия нысандары қауіптілігіне қарай топтарға бөлінеді
Елдегі энергия нысандары қауіптілігіне қарай топтарға бөлінеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі... 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T07:29+0500
2022-12-02T07:29+0500
2022-12-02T07:29+0500
жылу электр орталығы
тексеру
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_0:126:2869:1740_1920x0_80_0_0_6d3321b2daf7de21f7b1473dfcd07672.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті. Отырыс барысында үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылды.Жиын қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0b/1d/29828057_595:710:2379:2048_1920x0_80_0_0_ad8ebed15331e2c372aded45f51ce8b4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, тексеру
жылу электр орталығы, тексеру
Елдегі энергия нысандары қауіптілігіне қарай топтарға бөлінеді
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Президенті әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеру жөніндегі комиссияның бірінші отырысы өтті.
Отырыс барысында үздіксіз жылу беруді қамтамасыз ету жөніндегі жедел және жүйелі шаралар қарастырылды.
Жиын қорытындысы бойынша мынадай тапсырмалар берілді:
үш күн ішінде барлық энергия нысаны кешенді, соның ішінде техникалық жағдайына қарай қауіптілік тұрғыдан топтарға бөлінеді. Неғұрлым осал жылу электр орталықтары мен жылу желілері бойынша меншік иелері, әкімдіктер мен министрліктер арасында бірінші кезекте атқарылатын іс-әрекет жоспары дайындалуы керек;
өңірлерде жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін нысандардың іс жүзінде дайындығын тексеру үшін жедел топтар құрылады;
Қаржы министрі мен қаржылық мониторинг агенттігі әрбір заңды тұлғаның тарифтік сметасы мен инвестициялық бағдарламасына талдау жүргізіп, капиталды сыртқа шығару ықтималдығын тексеруге тиіс;
уәкілетті мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын күшейтіп, жылумен және электрмен қамтамасыз ететін нысандардың меншік иелерінің жауапкершілігін арттыру үшін салалық заңдар мен заңға тәуелді актілерге енгізілетін өзгерістер әзірленуі керек.