Саясат

Батыс Қазақстан облысының әкімі ауысты

© Sputnik / Владислав ВодневНариман Төреғалиев
Нариман Төреғалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысының жарлығымен Нариман Төреғалиев Батыс Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.
Бүгінгі күнге дейін Батыс Қазақстан облысын Ғали Есқалиев басқарған болатын. Ол өңір әкімі қызметін 2019 жылдың маусымынан бері атқарды.
Оның орнына келген 58 жастағы Төреғалиев – сенат депутаты.

Нариман Төреғалиев туралы не білеміз

Нариман Төреғалиев 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында туған.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (1990) "инженер-экономист", Каспий қоғамдық университетін (2004) "заңгер" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Біраз жыл Батыс Қазақстан облысында әртүрлі қызмет атқарды: жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы бастығының орынбасары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру департаменті директорының орынбасары, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі облыстық департаментінің директоры, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Ақжайық ауданының әкімі, Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласының әкімі.
2017 жылдың маусымынан бүгінге дейін парламент сенатының депутаты болды. "Amanat" партиясының мүшесі.
Жаңалықтар
0