Батыс Қазақстанда дәрігерлердің салғырттығынан үш айлық сәбидің қолына ампутация жасалды

© Photo : СС0 / Josef PichlerМладенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Астанаға Орал қаласынан жеткізілген нәрестенің қолын кесіп тастауға тура келді. Ата-анасы Батыс Қазақстан облыстық аурухананың дәрігерлерін кінәлап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Уральская неделя" порталына сілтеме жасап.
25 тамызда Әжіғалиевтер отбасында сәби дүниеге келді. Нәресте мерзімінен бұрын туды. Салмағы небәрі 660 грамм, ал бойы 30 сантиметр болған. Оны бірден Орал қаласындағы перзентхананың жансақтау бөліміне кувезге жатқызған. Сәби жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
"Ұлымыз біртіндеп салмақ жинай бастады.15 қыркүйекте жұбайым тамақтандыруға барған. Рамазанның оң қолына катетер тағылған екен. Әйелім қолдың салқын және сәл қарайып кеткенін бірден байқап қалды. Содан медбикеге айтты. Ол бақылаймын деді. Үш сағаттан кейін қайтып барса, катетерді алып тастады. Ал баланың қолын жөргектің астына тығып қойды", - дейді баланың әкесі Бақтыбай Әжіғалиев.
Баланың әкесінің айтуынша, ертеңінде нәрестені ішке жатқызып қойды. Алақаны бозарып, салқын болып тұрды. Медбике анасына дәрігерлер қолдың көгеріп кеткенін біледі деп айтты. Бірақ Рамазанның қолы жазылмай қойды. 18 қыркүйекте ультрадыбыстық зерттеу жасалды. Хирург те шақырылды. Одан кейін дәрігерлер консилиум жинауға шешім қабылдады.
Соның нәтижесінде 22 қыркүйекте Рамазанды ұшақпен Астанадағы ұлттық ана мен бала орталығына жеткізді. Сол жерде салмағы 800 грамм болған нәрестенің оң қолын кесіп тастады. Рамазанның ата-анасы облыс орталығының дәрігерлерін кінәлап отыр. Перзентхана мамандары дер кезінде дұрыс қойылмаған катетерді алып тастағанда бала мүгедек болып қалмайтын еді. Бақтыбай Әжіғалиев денсаулық сақтау министрлігіне арыз жазып, тексеріс өткізуді талап етті.
Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті тәуелсіз сараптамалық комиссияны құрып, тексеріс өткізді. Оған сәйкес, арыз ішінара қанағаттандырылды. Сәбиде туғаннан көктамыр мен күретамырда қанның ұйып қалу қаупі болған. Бірақ перзентхана дәрігерлері ол диагнозды уақытында анықтамады.
Қазіргі кезде комиссия қорытындысы қалалық прокуратураға жіберілді. Қадағалаушы орган процессуалдық шешім қабылдайды. Ал Рамазан әлі кувезде жатыр.
Жаңалықтар
0