https://sputnik.kz/20221202/almatyda-qaraqshylardyn-areketi-videoga-tusip-qaldy-29957283.html
Алматыда қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды
Алматыда қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Алматы қаласында жанармай құю станциясын тонап кетті. Қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik... 02.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-02T12:10+0500
2022-12-02T12:10+0500
2022-12-02T12:10+0500
алматы
тонаушылар
https://sputnik.kz/img/272/23/2722387_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_8ccdbf2bf71fb90bf3644441e2c46aa7.jpg
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Алматы қаласында жанармай құю станциясын тонап кетті. Қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Түнгі екіде бетперде киген екі адам жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген. Біреуінің қолында шеге суырғыш, ал екіншісі балта ұстап келді. Олар кассир мен күзетшіні бөлмеге қамап, кассадағы 100 мың теңгені алып кетті. Қызметкерлердің ұялы телефондарын да қалтаға салып алды. Екі қарақшы да сол күні қолға түсті. Оларды тергеу изоляторына қамап тастады. Біреуі 23 жаста, ал екіншісі одан бір жас кіші. "Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған", - дейді полицейлер. Енді, екеуі де Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша жауап береді. Осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/272/23/2722387_0:0:1919:1439_1920x0_80_0_0_17d88c1694f38c35fd8083ccc6d5a8a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тонаушылар
АСТАНА, 2 желтоқсан - Sputnik. Алматы қаласында жанармай құю станциясын тонап кетті. Қарақшылардың әрекеті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Түнгі екіде бетперде киген екі адам жанармай құю бекетіне баса көктеп кірген. Біреуінің қолында шеге суырғыш, ал екіншісі балта ұстап келді. Олар кассир мен күзетшіні бөлмеге қамап, кассадағы 100 мың теңгені алып кетті. Қызметкерлердің ұялы телефондарын да қалтаға салып алды.
Екі қарақшы да сол күні қолға түсті. Оларды тергеу изоляторына қамап тастады. Біреуі 23 жаста, ал екіншісі одан бір жас кіші.
"Олар Алматыға жұмысқа орналасу үшін келген, бірақ ақша табудың бұдан басқа оңай жолын ойлап таппаған", - дейді полицейлер.
Енді, екеуі де Қылмыстық кодекстің 191-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған тонау) бойынша жауап береді. Осы қылмыс үшін үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Кінәлі адамдардың мүлкі тәркіленеді.