Үкімет басшысы Екібастұздағы жағдай туралы: кінәлі адамдар жауапқа тартылады

© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаПремьер-министр Екібастұз қаласына барды
Премьер-министр Екібастұз қаласына барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. 30 қараша күні кешке премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен бірнеше күн бұрын жылу беру жүйесінде апат орын алған Екібастұз қаласына барды.
Қалалық ЖЭО-дағы ахуалмен, сондай-ақ Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы Әбілқайыр Сқақов пен "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры міндетін атқарушы В. Лесиннің баяндамаларымен танысқан премьер-министр төтенше жағдайдың алғашқы күнінен бастап арнайы жедел штаб құрылғанын және апаттың салдарын жою үшін барлық қажетті мамандар тартылғанын атап өтті.
"Жағдай дереу бақылауға алынды. Алғашқы күндері апатты жерлерді анықтауда қиындықтар болды, бірақ қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бүгін-ертең барлық тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары аяқталады деп отырмыз", — деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының айтуынша, жылу желілерінің әбден тозуы, жаңғырту үшін инвестициялардың жетіспеуі, сондай-ақ жылу орталығы басшылығының салғырттығы осындай жағдайға алып келген.
© Photo : Пресс-служба правительства КазахстанаСмайылов Екібастұз қаласына барды
Смаилов прибыл с рабочей поездкой в Экибастуз
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Смайылов Екібастұз қаласына барды
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жылумен жабдықтау желісіне жоғары қысым беріліп, оның кесірінен 15 жерде бір уақытта құбырлар зақымданған.
Премьер-Министр қазіргі уақытта тиісті тергеу жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша барлық кінәлі тұлғалар жауапқа тартылатынын айтты.Бұдан басқа, ЖЭО тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны жаңғыртуға және қалалық жылу желілерін жаңартуға инвестициялар салу бойынша жұмыс жүргізілетін болады.
"ЖЭО немесе жылу желілерінде оқыс жағдайлар орын алған Өскемен, Рудный, Риддер және басқа қалалардың тұрғындарын жылумен қамтамасыз ету мәселелері де бақылауда", — деді Әлихан Смайылов.
Жұмыс сапары аясында премьер-министр қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты және жылусыз қалған үйлердің бірінің тұрғындарымен сөйлесті.
Қорытындылай келе, үкімет басшысы әкімдікке халықпен тұрақты кері байланыс орнатып, әлеуметтік желілер мен "жедел желі" арқылы түсетін қала тұрғындарының барлық сұранысына жедел жауап беру қажет екенін айтты.
Жаңалықтар
0