Саясат

Тоқаев Павлодар облысының әкімін қызметінен босатты

Әбілқайыр Сқақов - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылды.
"Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Павлодар облысының әкімі лауазымынан босатылсын", - делінген Ақорда жариялаған жарлықта.
Президенттің жарлығымен Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.
Айта кетері, Олег Крук бұған дейін Сқақовтың бірінші орынбасары болған.
Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысын 2020 жылдың қаңтарынан бері басқарды.
Еске салсақ, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысының Екібастұз қаласы 30 градус аязда жылусыз және ыстық сусыз қалды. Қалада жергілікті ауқымда техногендік сипаттағы ТЖ режимі жарияланды.
Екібастұз - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Өңірлер
Екібастұзда 17 көпқабатты үйдің тұрғындары әлі жылусыз отыр
Жаңалықтар
0