https://sputnik.kz/20221201/tauelsiz-biznes-odagy-utilizatsiyalyq-alymga-zhauapty-eki-ministrlikti-sotqa-berdi-29933408.html
Тәуелсіз бизнес одағы утилизациялық алымға жауапты екі министрлікті сотқа берді
Тәуелсіз бизнес одағы утилизациялық алымға жауапты екі министрлікті сотқа берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы екі министрлікті сотқа берді. Мамандар қазіргі утилизациялық алымның экономикалық негізі жоқ... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T15:00+0500
2022-12-01T15:00+0500
2022-12-01T15:00+0500
утилизациялық алым
https://sputnik.kz/img/1158/42/11584275_0:29:3537:2018_1920x0_80_0_0_f80bc2c4fc1d47351ecb870f313c6db3.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы екі министрлікті сотқа берді. Мамандар қазіргі утилизациялық алымның экономикалық негізі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Astana TV арнасына сілтеме жасап.Соттың алғашқы отырысында экология министрлігі мен индустрия министрлігінің өкілдері жауап берді. Ал арыз түсірген одақ мамандарының айтуынша, утилизациялық алымның жаңа төлемдерін бекіткенде арнайы талдау жүргізілмеген. Оны аталған екі министрлік жасауға міндетті. Бүгінде бір жеңіл көлік үшін утилизациялық алымның мөлшері 1 миллион 700 мың теңгеге дейін барады.Тәуелсіз бизнес одағының басшысы Шыңғыс Темір утилизациялық алымды бекіткенде экономикалық есеп-қисап жасалуы керек деп санайды.Мамандар реттеушілік ықпал ету бойынша талдау жүргізу керек дейді. Ондай талдау соңғы рет 2019 жылы жасалған. Одан кейін утилизациялық алымның мөлшері өзгерген. Бірақ ешқандай талдау жүргізілмеген. Ал зерттеуді қай министрлік жүргізу керек. Оны шенеуніктердің өздері де білмейді. Сотта осы мәселені келесі отырыста қарауды ұйғарды."Сот нақты кімнің жауапты екенін анықтауды тапсырады. Өйткені сот дауласатын алаң емес. Ішкі процедуралар бар дегендей, үкімет бар, соттан тыс алаңдар бар. Сондай жерде шешілуі керек", - дейді судья Айбек Амангелдин.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1158/42/11584275_402:0:3133:2048_1920x0_80_0_0_1630434af8ec0f2b32c792f8f50db0d6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
утилизациялық алым
Тәуелсіз бизнес одағы утилизациялық алымға жауапты екі министрлікті сотқа берді
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тәуелсіз бизнес одағы екі министрлікті сотқа берді. Мамандар қазіргі утилизациялық алымның экономикалық негізі жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Astana TV
арнасына сілтеме жасап.
Соттың алғашқы отырысында экология министрлігі мен индустрия министрлігінің өкілдері жауап берді. Ал арыз түсірген одақ мамандарының айтуынша, утилизациялық алымның жаңа төлемдерін бекіткенде арнайы талдау жүргізілмеген. Оны аталған екі министрлік жасауға міндетті. Бүгінде бір жеңіл көлік үшін утилизациялық алымның мөлшері 1 миллион 700 мың теңгеге дейін барады.
Тәуелсіз бизнес одағының басшысы Шыңғыс Темір утилизациялық алымды бекіткенде экономикалық есеп-қисап жасалуы керек деп санайды.
"Сонда қалай? Утилизациялық алымды бір рет бекітеді. Осымен бітті ме? Ешқандай экономика есепке алынбай ма? Ақшаны жинай беру керек. Солай ма? Утилизациялық алым туралы шешім ешбір аналитикалық мәліметтерсіз қабылданды, есеп-қисап жасалмады. Соңғы рет екі есеге қысқартты, болды. Неге екі есе? Неге 10 процент немесе 5 процент емес?", - дейді Темір.
Мамандар реттеушілік ықпал ету бойынша талдау жүргізу керек дейді. Ондай талдау соңғы рет 2019 жылы жасалған. Одан кейін утилизациялық алымның мөлшері өзгерген. Бірақ ешқандай талдау жүргізілмеген. Ал зерттеуді қай министрлік жүргізу керек. Оны шенеуніктердің өздері де білмейді. Сотта осы мәселені келесі отырыста қарауды ұйғарды.
"Сот нақты кімнің жауапты екенін анықтауды тапсырады. Өйткені сот дауласатын алаң емес. Ішкі процедуралар бар дегендей, үкімет бар, соттан тыс алаңдар бар. Сондай жерде шешілуі керек", - дейді судья Айбек Амангелдин.