https://sputnik.kz/20221201/qazaqstanda-bir-zharym-millionga-zhuyq-adamnyn-14-trln-tenge-otelmegen-qaryzy-bar-29927396.html
Қазақстанда бір жарым миллионға жуық адамның 1,4 трлн теңге өтелмеген қарызы бар
Қазақстанда бір жарым миллионға жуық адамның 1,4 трлн теңге өтелмеген қарызы бар
Sputnik Қазақстан
Қаржы министрлігі проблемалық қарыздар мәселесін шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірледі 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T11:51+0500
2022-12-01T11:51+0500
2022-12-01T11:51+0500
қарыз
кредит
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613113_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_b2420af123c2baf622a2804e7df0a6b9.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алған несиесін өтей алмай жүрген азаматтар туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1 миллион 400 мыңнан астам қазақстандықтың 1 триллион 450 миллиард теңге қарызы бар. Олар 90 күннен асқан қарыз болып есептеледі", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Айтуынша, осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасы әзірленді. Заң жобасын қаржы министрлігі әзірлеген. Бұл құжатты дайындауға халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпашылығы мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайының нашарлауы түрткі болды, деп атап өтті Біржанов.Оқи отырыңыз: Банкроттық туралы заң: кредиттен қалай құтылуға болады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15613113_358:0:2609:1688_1920x0_80_0_0_69a4ac0c9a063accd4cb405a8f3c6371.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарыз, кредит
Қазақстанда бір жарым миллионға жуық адамның 1,4 трлн теңге өтелмеген қарызы бар
Қаржы министрлігі проблемалық қарыздар мәселесін шешу үшін жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасын әзірледі
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов банктер мен микроқаржы ұйымдарынан алған несиесін өтей алмай жүрген азаматтар туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Осы жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша 1 миллион 400 мыңнан астам қазақстандықтың 1 триллион 450 миллиард теңге қарызы бар. Олар 90 күннен асқан қарыз болып есептеледі", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Айтуынша, осы санаттағы азаматтардың жағдайын жақсарту үшін "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасы әзірленді.
"Осы азаматтардың ішінде 5 жылдан астамы қарызы бар 365 мың адам бар. Олардың берешегі бүгінгі таңда 504 млрд теңгені құрайды. Бұл статистика халықтың проблемалық қарыздарын заңнамалық реттеу қажеттілігін көрсетіп отыр", - деді вице-министр.
Заң жобасын қаржы министрлігі әзірлеген. Бұл құжатты дайындауға халықтың шамадан тыс кредиттік ауыртпашылығы мен жалпы азаматтардың едәуір бөлігінің қаржылық жағдайының нашарлауы түрткі болды, деп атап өтті Біржанов.