https://sputnik.kz/20221201/qazaqstan-qaterli-isikke-qarsy-innovatsiyalyq-dari-ondirisi-29942302.html
Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісі ашылады
Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісі ашылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық "Roche Holding AG" фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T16:41+0500
2022-12-01T16:41+0500
2023-08-10T12:26+0500
денсаулық
өндіріс
дәрі-дәрмек
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29941806_131:0:1150:573_1920x0_80_0_0_7e203e667e9ebd035f933037ccf348a4.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық "Roche Holding AG" фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді.Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен "Roche Holding AG" компаниясы арасында қол қойылды.Кристоф Франц Тоқаевқа қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/01/29941806_258:0:1022:573_1920x0_80_0_0_26885a4fec790ec2e840f76c3d845b63.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, дәрі-дәрмек
Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісі ашылады
16:41 01.12.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев швейцариялық "Roche Holding AG" фармацевтикалық концернінің басқарма төрағасы Кристоф Францты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президентке елімізде қатерлі ісікке қарсы инновациялық дәрі өндірісін ашу жобасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат берілді.
Тиісті келісімге бүгін Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі мен "Roche Holding AG" компаниясы арасында қол қойылды.
Кристоф Франц Тоқаевқа қатерлі ісікті анықтаудың инновациялық тәсілдерін игеруге қатысты Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтты. Сонымен қатар келесі жылы компанияның қолдауымен Назарбаев университеті Медицина мектебінің базасында жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға арналған зертханалық диагностикалық тренинг-орталығын ашу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ кездесуде Қазақстанда медицина ғылымын дамыту мәселесі де талқыланды.