Президент халықаралық банктен қарыз алу туралы заңға қол қойды

© AFP 2024 / INA FASSBENDERАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық қайта құру және даму банкінен қарыз алу бойынша келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қарыздың жалпы сомасы – 345 млн 700 мың еуро. Мөлшерлемесі – 2,5 процент. Қарыз 11,5 жылға беріледі. Барлық ақша бюджет тапшылығын жабуға жұмсалады. Соның ішінде денсаулық, білім, әлеуметтік сала және қауіпсіздік шаралары бар.
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, қарыз үлкен жеңілдікпен алынып отыр.
"Мысалы, қазір осындай қарызды еурооблигация немесе басқа құралдар арқылы тартатын болсақ, мөлшерлемесі 5 проценттен жоғары болатын еді. Бізге 2,5 проценттің шамасында беріп отыр. Негізі қарыздың 90 проценті ішкі нарықтан алынады. Дегенмен қазір базалық ставка көтерілді. Сондықтан ауыртпалығы жоғары қарызды алудың қажеті жоқ деп шештік", - дейді Жамаубаев.
Оның сөзіне қарағанда, үкіметтің қарызы қауіпсіз деңгейде және ішкі жалпы өнімнің 23 процентінен аспайды.
Жаңалықтар
0