Павлодар билігі Екібастұздағы жағдайға жекеменшік пәтер иелері кооперативін кінәлады

© PhotoЭкибастузская ТЭЦ
Экибастузская ТЭЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан - Sputnik. Павлодар облысы әкімінің жаңа міндетін атқарушы Олег Крук Екібастұздағы жағдайға жекеменшік пәтер иелері кооперативін кінәлады.
"Өткен тәулікте екінші орталық жылу пунктіндегі апат жойылды. Біз сол жерде екі клапанды ауыстырдық. 17 үйді біртіндеп қосатын болдық. Желілік су берілгеннен кейін жағдай қалыпқа келуі керек еді, бірақ жылу энергетика орталығында желілік сумен жабдықтау тағы үштен бірге артып, сағатына 1200 тоннаға жетті. Оны сағатына 950 тоннаға дейін төмендету үшін тұтынушыларға кейбір шектеулер қоюға тура келді", - деді Крук.
Ол бұл жерде жекеменшік пәтер иелері кооперативтерінің бақылаусыз әрекет еткенін айтты. Жөндеу бригадаларын күтпестен, олар өздері әрекет жасаған. Салдарынан барлық ішкі жылу жүйелерін жөндейміз деп жағдайды ушықтырып жіберді.
Сондай-ақ әкімнің айтуынша, станцияда су жеткілікті болса, жөндеушілер барлық мекен-жайларда бірден жұмыс істей алар еді. Дегенмен, бұл әлі мүмкін емес. Мәселені шешу үшін қазір қалалық канал мен ЖЭО мамандары жұмыс істеп жатыр.
Аймақ басшысы қазір басты міндет - станцияның қалыпты жұмысын сақтау, содан кейін магистральдық желілерге, содан кейін үйлердің жылу тораптарына қосылу үшін жылу желілерінде айналымды қамтамасыз ету керегін атап өтті.
Бұған дейін президенттің жарлығымен Әбілқайыр Сқақов Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын. Облыс әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып осы уақытқа дейін өңір басшысының бірінші орынбасары болған Олег Крук тағайындалды.
Жаңалықтар
0