https://sputnik.kz/20221201/nurakhmet-nuriev-qazaqmys-korporatsiyasynyn-basqarma-toragasy-boldy-29945046.html
Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс корпорациясының" басқарма төрағасы болды
Нұрахмет Нұриев "Қазақмыс корпорациясының" басқарма төрағасы болды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T18:57+0500
2022-12-01T18:57+0500
2022-12-01T18:57+0500
қазақмыс
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_0:51:1416:848_1920x0_80_0_0_970e00d2eae4954f8070744130aa550a.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.Ол корпорацияны 2006 жылдан бері үздіксіз басқарған Эдуард Огайдың орнына келді.Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржы талдаушысы болып жұмыс істеді.2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.2015-2019 жылдары "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болды.2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды."Қазақмыс" корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры болды.2021 жылдың маусым айында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС бас директоры болып тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/0e/28474923_109:0:1308:899_1920x0_80_0_0_e6f598ca61791bf395a64d1fb134051e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақмыс
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқарма төрағасы болып Нұрахмет Нұриев тағайындалды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Ол корпорацияны 2006 жылдан бері үздіксіз басқарған Эдуард Огайдың орнына келді.
"Нұрахмет Қанатұлы Жезқазғанда жұмыс істейді және орталық кеңсе осында орналасады. Біз біртіндеп Жезқазған қаласына орналасамыз және компанияның қолданыстағы модельдегі шешім қабылдау орталығы да осында болады. Нұрахмет Қанатұлы жас маман болса да, тәжірибесі жеткілікті және ол бізден де жақсы нәтиже көрсетеді", - деген Эдуард Огай жаңа басшыға табыс тіледі.
Нұрахмет Қанатұлы 1989 жылы туған. Ұлыбританияда білім алған, сонымен қатар Anglia Ruskin University іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесіне ие.
2011 жылдан 2013 жылға дейін Hamble Group-та қаржы талдаушысы болып жұмыс істеді.
2013-2015 жылдары Павлодар және Атырау қалаларында мұнай өңдеу зауыттарының құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеді.
2015-2019 жылдары "Майкубен Вест" ЖШС және "Шұбаркөл Премиум" АҚ көмір өндіруші кәсіпорындарында қаржы директоры, Бас директордың корпоративтік даму жөніндегі орынбасары болды.
2019 жылдан 2020 жылға дейін "Интергаз Орталық Азия" АҚ Тараз УМГ филиалы директорының орынбасары, "ҚазТрансГаз" АҚ тарифтер және инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.
"Қазақмыс" корпорациясындағы еңбек жолын 2020 жылы жобалау тобының басшысы қызметінен бастады. Сол жылдың қыркүйек айынан бастап "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС аутсорсинг жөніндегі директоры болды.
2021 жылдың маусым айында "Қазақмыс Смэлтинг" ЖШС бас директоры болып тағайындалды.