https://sputnik.kz/20221201/ministr-khalyqqa-internet-boyynsha-adiletti-tarif-beru-turaly-aytty-29927579.html
Министр халыққа интернет бойынша "әділетті тариф" беру туралы айтты
Министр халыққа интернет бойынша "әділетті тариф" беру туралы айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернетке әділетті тариф қай кезде болатынын айтты... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T12:06+0500
2022-12-01T12:06+0500
2022-12-01T12:06+0500
интернет
тарифтер
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/15/18467051_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_150d28e1a5fe4a91bfdff46dd05039f5.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернетке әділетті тариф қай кезде болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Ресми мәліметке сәйкес, биыл қыркүйекке дейін ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін 180 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Соңғы үш айда осы көрсеткіш екі есеге өсті. Ал интернеттің сапасы әлі күнге дейін сын көтермейді. Тарифте көрсетілетін талаптарға да сай емес. Министрдің айтуынша, қазіргі кезде екі оператор ғана мобильді байланыс бойынша қызмет көрсетеді. Бұған дейін Tele2 келгенде бәсекелестік сезіліп, бағаның төмендегі байқалды. Қазір нарыққа тағы бір операторды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. Оны Қазақтелекомның ішінен шығарып, бөлек компания ретінде дамытуға ұсыныс жасалды. "Үкімет бұны талап ретінде Самұрық-Қазынаның алдына қойды. Олар жылдың басында бізге, демонополизация жөніндегі комиссияға келеді де, жауабын айтады", - деп атап көрсетті Мусин. Осы орайда министр интернеттің бағасы мен сапасы бойынша халықаралық рейтингтің бар екенін еске салды. Оған сәйкес, Қазақстанда ең арзан тарифтер тіркелген. "Біздің бағамыз ең төмен баға рейтингіне жатады,. Бізден төмен үш па, бес мемлекет бар. 193 мемлекет бар десек, біз 190-шы орындамыз, яғни, бізде халықаралық рейтинг бойынша ең төмен баға болып тұр", - дейді министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/15/18467051_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_2b91b025522d433adc6ef5d3e82fcef6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, тарифтер
Министр халыққа интернет бойынша "әділетті тариф" беру туралы айтты
АСТАНА, 1 желтоқсан — Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернетке әділетті тариф қай кезде болатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл қыркүйекке дейін ұялы байланыс операторларына сапасыз интернет үшін 180 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Соңғы үш айда осы көрсеткіш екі есеге өсті. Ал интернеттің сапасы әлі күнге дейін сын көтермейді. Тарифте көрсетілетін талаптарға да сай емес.
"Әділетті бәсекелестік орта ғана әділетті тарифтер мен сапалы интернетті қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сондықтан біз әділетті заңнаманы және заңдарды жасауымыз қажет, министрлік оны депутаттармен бірге қабылдауы керек. Сонда ғана бізде толыққанды әділетті тариф болады", - деді Мусин сенат отырысынан кейінгі брифингте.
Министрдің айтуынша, қазіргі кезде екі оператор ғана мобильді байланыс бойынша қызмет көрсетеді. Бұған дейін Tele2 келгенде бәсекелестік сезіліп, бағаның төмендегі байқалды. Қазір нарыққа тағы бір операторды кіргізу мәселесі қаралып жатыр. Оны Қазақтелекомның ішінен шығарып, бөлек компания ретінде дамытуға ұсыныс жасалды.
"Үкімет бұны талап ретінде Самұрық-Қазынаның алдына қойды. Олар жылдың басында бізге, демонополизация жөніндегі комиссияға келеді де, жауабын айтады", - деп атап көрсетті Мусин.
Осы орайда министр интернеттің бағасы мен сапасы бойынша халықаралық рейтингтің бар екенін еске салды. Оған сәйкес, Қазақстанда ең арзан тарифтер тіркелген.
"Біздің бағамыз ең төмен баға рейтингіне жатады,. Бізден төмен үш па, бес мемлекет бар. 193 мемлекет бар десек, біз 190-шы орындамыз, яғни, бізде халықаралық рейтинг бойынша ең төмен баға болып тұр", - дейді министр.