https://sputnik.kz/20221201/kim-ozin-bankrot-dep-zhariyalay-alady-29928602.html
Кім өзін банкрот деп жариялай алады
Кім өзін банкрот деп жариялай алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалар өзін қандай жағдайда банкрот жариялай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T12:34+0500
2022-12-01T12:34+0500
2022-12-01T12:34+0500
банкрот
заң
кредит
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1c/23786059_198:241:1280:850_1920x0_80_0_0_00d9dfa9d8a5de16943a58ef5307dd61.jpg
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалар өзін қандай жағдайда банкрот жариялай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Айтуынша, "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасында банкроттық процедурасының үш түрі бар: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттыққа ресми кірісі жоқ және табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен – 36 018 теңгеден аспайтын азаматтар үміттене алады. Бұл жағдайда борышкерлердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банктен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет. "Қазір өтелмеген қарызы бар азаматтардың 96 пайызы осы санатқа түсуі мүмкін. Көбі кепілсіз кредит, яғни тұтынушылық кредит алған азаматтар", - дейді вице-министр. Айтуынша, соттан банкроттық электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Осы санатқа кіретін және қарызын өтей алмай жүрген қазақстандық портал арқылы өтініш береді. Содан кейін тиісті мемлекеттік органдар сараптама жүргізіп, қорытынды әзірлейді. Ол қорытындыны өкілетті орган – мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Комитет қарап, шешім қабылдайды. Келесі процедура – сот арқылы банкроттық. Ол өтелмеген берешегі 4,9 млн теңгеден асатын азаматтарға қатысты. Сондай-ақ олар банкроттық рәсімін екінші рет тек 7 жылдан кейін ғана қолдана алады. "Яғни, егер биыл заң қабылданып, азамат 2023 жылы банкрот деп танылса, келесі банкроттыққа ол 7 жылдан кейін ғана, 2030 жылы өтініш беруге құқылы", - деп түсіндірді Біржанов. Бұдан бөлек, банкроттық жарияланғаннан кейін үш жыл ішінде сол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1c/23786059_234:69:1275:850_1920x0_80_0_0_6bb19a105281b4a1dd507bc0f164b446.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
банкрот, заң, кредит
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалар өзін қандай жағдайда банкрот жариялай алатынын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасында банкроттық процедурасының үш түрі бар: соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру.
"Соттан тыс банкроттық рәсімі банктер мен микроқаржы ұйымдары, коллекторлар алдындағы берешегі 4,9 млн теңгеден немесе 1600 АЕК-тен аспайтын адамдар үшін қарастырылған. Осы санаттағы азаматтар сотқа жүгінбей өзін банкрот деп жариялай алады", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Соттан тыс банкроттыққа ресми кірісі жоқ және табыс ең төменгі күнкөріс деңгейінен – 36 018 теңгеден аспайтын азаматтар үміттене алады. Бұл жағдайда борышкерлердің мүлкі болмауы керек және қарыздар бойынша банктен есеп айырысу рәсімін жүргізу қажет.
"Қазір өтелмеген қарызы бар азаматтардың 96 пайызы осы санатқа түсуі мүмкін. Көбі кепілсіз кредит, яғни тұтынушылық кредит алған азаматтар", - дейді вице-министр.
Айтуынша, соттан банкроттық электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі. Осы санатқа кіретін және қарызын өтей алмай жүрген қазақстандық портал арқылы өтініш береді. Содан кейін тиісті мемлекеттік органдар сараптама жүргізіп, қорытынды әзірлейді. Ол қорытындыны өкілетті орган – мемлекеттік кірістер комитетіне жолдайды. Комитет қарап, шешім қабылдайды.
Келесі процедура – сот арқылы банкроттық. Ол өтелмеген берешегі 4,9 млн теңгеден асатын азаматтарға қатысты.
"Ол үшін азамат сотқа арызданады. Бұл рәсім кезінде борышкердің мүлкі аукцион арқылы сатылады. Түскен қаражат белгіленген кезекпен кредиторлар алдындағы қарызды өтеуге жұмсалады. Қазіргі таңда мұндай рәсім заңды тұлғалар үшін көзделген. Біз осы механизмді жеке тұлғаларға да таратуды жөн көрдік", - деді Біржанов. Банкроттыққа ұшыраған азамат 5 жыл бойы кредит пен займ ала алмайды.
Сондай-ақ олар банкроттық рәсімін екінші рет тек 7 жылдан кейін ғана қолдана алады.
"Яғни, егер биыл заң қабылданып, азамат 2023 жылы банкрот деп танылса, келесі банкроттыққа ол 7 жылдан кейін ғана, 2030 жылы өтініш беруге құқылы", - деп түсіндірді Біржанов. Бұдан бөлек, банкроттық жарияланғаннан кейін үш жыл ішінде сол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі.