https://sputnik.kz/20221201/euroodaq-elderi-aqsh-tyn-ulttyq-ekonomikany-qoldau-sharalaryna-narazy-29960830.html
Еуроодақ елдері АҚШ-тың ұлттық экономиканы қолдау шараларына наразы
Еуроодақ елдері АҚШ-тың ұлттық экономиканы қолдау шараларына наразы
Sputnik Қазақстан
АҚШ-тың әрекетіне қолдау ретінде еуропалықтар да көктемде Ресейге қатысты шектеулерді кеңейтуге кірісті. Бірақ, олар о бастан-ақ бұл санкциялар Еуроодақтың... 01.12.2022, Sputnik Қазақстан
2022-12-01T18:42+0500
2022-12-01T18:42+0500
2022-12-02T12:42+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
АҚШ-тың әрекетіне қолдау ретінде еуропалықтар да көктемде Ресейге қатысты шектеулерді кеңейтуге кірісті. Бірақ, олар о бастан-ақ бұл санкциялар Еуроодақтың өзіне залал келтіретінін білді, деп жазды РИА Новости.Еуропалық саясаткерлер Вашингтон Ескі Әлемді рецессияға жақындатып, өзі украин қақтығысынан дивидент алып жатыр деп шағымдануда. Бұл туралы Politico басылымы жазды. Расында да, америкалықтар ресми түрде Киевке бірде-бір жауынгер жөнелтпестен, Украинадағы дағдарыстан көлемді әскери, экономикалық, геосаяси табыс алып отыр. Ал бұл жағдай Еуроодақтың шамына тиіп жатыр."Егер байыппен қарасақ, соғыстан АҚШ пайда көріп отыр, өйткені олар қару-жарақ пен газды жоғары бағамен сатып жатыр", - деп Politico атын атамаған жоғары лауазымды еуропалық шенеуніктің сөзін келтіреді."Америкалықтар әрқашан Батыс әлеміне үстемдік етуге ұмтылды. Ал Украинадағы қақтығыс барлығын реттеудің тамаша мүмкіндігі болып отыр. Соңғы жылдары Вашингтон Еуропаға Ресейге қарсы санкциялар мен Мәскеуден энергетикалық тәуелділікті әлсірету мәселелері бойынша үнемі қысым көрсетіп келеді. Сондықтан, АҚШ-тың әрекетіне қолдау ретінде еуропалықтар да көктемде Ресейге қатысты шектеулерді кеңейтуге кірісті. Бірақ, олар о бастан-ақ бұл санкциялар Еуроодақтың өзіне залал келтіретінін білді", - деп жазылған материалда.Еуропада және бүкіл әлемде қару-жараққа сұраныс өсті, ал АҚШ оның ең ірі экспорттаушысы болып табылады. Америкаға әлемдік жеткізілімдердің үштен бірінен астамы тиесілі.Бір ғана ұшақ өнеркәсібінде америкалықтар ондаған миллиард еуроға келісімшарт жасады. Канада бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшағының 88 данасына, Швейцарияға – 36, Германияға - 35 ұшаққа тапсырыс берді.Жазда Германия билігі бундесверді қайта қаруландыруға шамамен 100 миллиард еуро бөлуге ниетті екенін мәлімдеді және бюджеттің айтарлықтай бөлігін АҚШ алатынына күмән жоқ. Бұған қоса, Берн Украинаға әскери тауарларды қайта экспорттауға рұқсат бермегендіктен, Германия мен Швейцария арасында жік пайда болды.Еуропалық арсеналдардың босапуы америкалық өндірушілер үшін тиімді болып отыр. Себебі, әскери-өнеркәсіптік кешеннің бұл қарқыны елдің бүкіл экономикасына оң әсерін тигізеді."Оған қоса газ экспорты да бар. Вашингтон ұзақ уақыт бойы Еуропаны арзан ресейлік жанармайдан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысты. Енді, міне, бірнеше айдың ішінде сұйылтылған табиғи газ жеткізулері екі есеге артты. "Солтүстік ағындағы" жарылыстар Еуроодақты таңдау құқығынан айырды деуге болады. Енді еуропалық тұтынушылар жергілікті америкалықтармен салыстырғанда төрт есе қымбат тұратын мұхиттың арғы бетіндегі жанармайды сатып алуы керек", - деп жазды мақала авторы.Энергетикалық дағдарыс жағдайында Еуропа өнеркәсібі өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып жатыр. Әсіресе Германия қатты зардап шекті. Ал АҚШ-та жазда инфляцияны төмендету туралы заң қабылдады. Құжатта ұлттық экономиканы қолдаудың кең ауқымды шаралары қарастырылған. ЕО мұны кемсітушілік деп бағалады.Нәтижесінде америкалық компаниялар күшейіп жатса, еуропалық компаниялар не жабылып, не салық жеңілдіктері мен арзан энергия ресурстары ұсынылатын АҚШ-қа көшіп жатыр.Мұның бәрі Еуроодақ саясаткерлерінің нарызылығын тудырып отыр."Еуропа экономикасының рецессияға қарай қозғалысы америкалықтар үшін жақсы жаңалық және олар бұдан пайда табу мүмкіндігін жіберіп алған жоқ", - деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто.Макрон АҚШ-тың инфляцияға қарсы заңын Еуроодаққа залалды деп атады және оны ДСҰ ережелеріне қайшы деп болжады, ал экономика министрі Брюно Ле Мэр Еуроодақ елдерін Вашингтонның әрекетіне ортақ жауап беруге шақырды.Әзірге Париж мен Берлин келісімге келе алмай отыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Макрон АҚШ-қа ұқсас шараларды ұсынса, Германия канцлері Олаф Шольц "трансатлантикалық соғысты" қоздырғысы келмейді және Вашингтон өз шешімдерін түзетеді деп үміттенеді. Дегенмен, Еуропа қазір америкалықтармен күресе алмайды. Франция, Германия, Италия қатты "алаңдаушылық" білдіруі мүмкін, бірақ Еуроодақта бірлік жоқ.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ-тың әрекетіне қолдау ретінде еуропалықтар да көктемде Ресейге қатысты шектеулерді кеңейтуге кірісті. Бірақ, олар о бастан-ақ бұл санкциялар Еуроодақтың өзіне залал келтіретінін білді, деп жазды
РИА Новости.Еуропалық саясаткерлер Вашингтон Ескі Әлемді рецессияға жақындатып, өзі украин қақтығысынан дивидент алып жатыр деп шағымдануда. Бұл туралы Politico басылымы жазды. Расында да, америкалықтар ресми түрде Киевке бірде-бір жауынгер жөнелтпестен, Украинадағы дағдарыстан көлемді әскери, экономикалық, геосаяси табыс алып отыр. Ал бұл жағдай Еуроодақтың шамына тиіп жатыр.
"Егер байыппен қарасақ, соғыстан АҚШ пайда көріп отыр, өйткені олар қару-жарақ пен газды жоғары бағамен сатып жатыр", - деп Politico атын атамаған жоғары лауазымды еуропалық шенеуніктің сөзін келтіреді.
"Америкалықтар әрқашан Батыс әлеміне үстемдік етуге ұмтылды. Ал Украинадағы қақтығыс барлығын реттеудің тамаша мүмкіндігі болып отыр. Соңғы жылдары Вашингтон Еуропаға Ресейге қарсы санкциялар мен Мәскеуден энергетикалық тәуелділікті әлсірету мәселелері бойынша үнемі қысым көрсетіп келеді. Сондықтан, АҚШ-тың әрекетіне қолдау ретінде еуропалықтар да көктемде Ресейге қатысты шектеулерді кеңейтуге кірісті. Бірақ, олар о бастан-ақ бұл санкциялар Еуроодақтың өзіне залал келтіретінін білді", - деп жазылған материалда.
Еуропада және бүкіл әлемде қару-жараққа сұраныс өсті, ал АҚШ оның ең ірі экспорттаушысы болып табылады. Америкаға әлемдік жеткізілімдердің үштен бірінен астамы тиесілі.
Бір ғана ұшақ өнеркәсібінде америкалықтар ондаған миллиард еуроға келісімшарт жасады. Канада бесінші буынға жататын F-35 жойғыш ұшағының 88 данасына, Швейцарияға – 36, Германияға - 35 ұшаққа тапсырыс берді.
Жазда Германия билігі бундесверді қайта қаруландыруға шамамен 100 миллиард еуро бөлуге ниетті екенін мәлімдеді және бюджеттің айтарлықтай бөлігін АҚШ алатынына күмән жоқ. Бұған қоса, Берн Украинаға әскери тауарларды қайта экспорттауға рұқсат бермегендіктен, Германия мен Швейцария арасында жік пайда болды.
Еуропалық арсеналдардың босапуы америкалық өндірушілер үшін тиімді болып отыр. Себебі, әскери-өнеркәсіптік кешеннің бұл қарқыны елдің бүкіл экономикасына оң әсерін тигізеді.
"Оған қоса газ экспорты да бар. Вашингтон ұзақ уақыт бойы Еуропаны арзан ресейлік жанармайдан бас тартуға мәжбүрлеуге тырысты. Енді, міне, бірнеше айдың ішінде сұйылтылған табиғи газ жеткізулері екі есеге артты. "Солтүстік ағындағы" жарылыстар Еуроодақты таңдау құқығынан айырды деуге болады. Енді еуропалық тұтынушылар жергілікті америкалықтармен салыстырғанда төрт есе қымбат тұратын мұхиттың арғы бетіндегі жанармайды сатып алуы керек", - деп жазды мақала авторы.
Энергетикалық дағдарыс жағдайында Еуропа өнеркәсібі өзінің бәсекеге қабілеттілігін жоғалтып жатыр. Әсіресе Германия қатты зардап шекті. Ал АҚШ-та жазда инфляцияны төмендету туралы заң қабылдады. Құжатта ұлттық экономиканы қолдаудың кең ауқымды шаралары қарастырылған. ЕО мұны кемсітушілік деп бағалады.
Нәтижесінде америкалық компаниялар күшейіп жатса, еуропалық компаниялар не жабылып, не салық жеңілдіктері мен арзан энергия ресурстары ұсынылатын АҚШ-қа көшіп жатыр.
Мұның бәрі Еуроодақ саясаткерлерінің нарызылығын тудырып отыр.
"Еуропа экономикасының рецессияға қарай қозғалысы америкалықтар үшін жақсы жаңалық және олар бұдан пайда табу мүмкіндігін жіберіп алған жоқ", - деп мәлімдеді Венгрия сыртқы істер министрі Петер Сийярто.
Макрон АҚШ-тың инфляцияға қарсы заңын Еуроодаққа залалды деп атады және оны ДСҰ ережелеріне қайшы деп болжады, ал экономика министрі Брюно Ле Мэр Еуроодақ елдерін Вашингтонның әрекетіне ортақ жауап беруге шақырды.
Әзірге Париж мен Берлин келісімге келе алмай отыр. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Макрон АҚШ-қа ұқсас шараларды ұсынса, Германия канцлері Олаф Шольц "трансатлантикалық соғысты" қоздырғысы келмейді және Вашингтон өз шешімдерін түзетеді деп үміттенеді. Дегенмен, Еуропа қазір америкалықтармен күресе алмайды. Франция, Германия, Италия қатты "алаңдаушылық" білдіруі мүмкін, бірақ Еуроодақта бірлік жоқ.