Астанада халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Астанада темекі тұқылын тастаған шетелдік жауапқа тартылды. Ал тексеріс кезінде оның халықаралық іздеуде жүргені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Полицейлер Есіл ауданындағы Е-753 көшесімен келе жатқанда темекі шегіп тұрған үш адамды көрген. Біреуі темекі тұқылын жерге тастай салған. Оны көрген тәртіп сақшылары айыппұл хаттамасын рәсімдейді. Ал тексеріс кезінде Өзбекстанның 31 жастағы азаматы халықаралық іздеуге жүргені анықталды.
Ұсталған ер адам Ресей Федерациясында алаяқтық жасаған. Ал өз елінде біреуге қасақана ауыр дене жарақатын салған. Сол үшін мемлекетаралық іздеуге жарияланған.
Қазіргі кезде шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.11.2022
Түркістан облысында 20 жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті
Жаңалықтар
0