Астана тұрғыны көлікті оталдырудың тың әдісін тапты – оны полиция ұстап әкетті

© Sputnik / Айсулу ЖумагуловаАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АСТАНА, 1 желтоқсан – Sputnik. Астанада көлігі от алмай қалған ер адам тұрақтағы басқа көліктің аккумуляторын салып алған. Полиция ұрыны бейнебақылау камерасы арқылы анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қалалық полиция департаменті Достық көшесінде болған ұрлықтың видеосын жариялады. Онда ер адамның аккумуляторды бақса көліктен алғаны анық көрініп тұр. Осы оқиғадан кейін полицияға ВАЗ 2107 маркалы көліктің иесі арызданған. Ол көшенің бойында бұзылып қалған көлігінің аккумуляторын белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан.
"Жедел іздестіру шаралары барысында 51 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол екі күн бойы жолдың бойында тұрған автокөлікті бақылап жүрген. Содан күндізгі уақытта келіп, автокөлікті емін-еркін ашып, "Барс" маркалы аккумуляторын шешіп алып, өзінің "Audi" маркалы автокөлігінің ескі аккумуляторымен ауыстырып алған", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Жаңалықтар
0