Алматыны жаңажылдық безендіруге 359 млн жұмсалады - әкімдік түсініктеме берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоНовый год в Алматы
Новый год в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.12.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 желтоқсан - Sputnik. Алматыны жаңажылдық безендіруге 359 млн жұмсалады. Әкімдік қаражаттың қалай, қайда жұмсалатыны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Алматының дизайн тұжырымдамасын әзірлеу кезінде екі жылдық карантиндік шектеулерден кейін мерекелік жаңа жылдық атмосфера рухын жандандыру мақсаты қойылды. Сондықтан негізгі мерекелік безендіру элементтерінде жылы түстер басым болады", - дейді Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Қаланың басты шыршасы Абай алаңында орнатылады. Алматылықтар мен қала қонақтары үшін оны жағу рәсімі мен мерекелік концерт өткізіледі. Қалалық дизайндағы басты назар жарық композицияларының бірыңғай стилінде қойылады. Ол қаланың қоғамдық кеңістіктерін біріктіреді, олар сонымен қатар тақырыптық шағын архитектуралық формалармен безендіріледі.
"Абай алаңында, тұңғыш президент саябағында, Н.Сац атындағы театр, Наурызбай, Жетісу аудандары әкімдіктерінің алдында және Сауранбаев көшесінде 10 күн қысқы фестиваль өтеді (20-5 қаңтар аралығында). Фестивальге Жаңа жылдық жәрмеңке, гастрофестиваль, спектакльдер мен шеберлік сыныптары, бүкіл отбасы үшін ойын-сауық кіреді. Сонымен қатар, қаланың барлық аудандарында мұз айдындары ашылады", - делінген мәлімдемеде.
Қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу порталында мерекелік іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ қаланы тақырыптық және көркемдік-сәндік безендіруге ашық конкурстар жарияланды.
Әкімдік барлық конкурстар бойынша ақпарат мемлекеттік сатып алу порталында ашық түрде жарияланатынын айтады.
Жаңалықтар
0