https://sputnik.kz/20221130/shymkentte-600-den-astam-otbasy-zhardemaqyny-qaytaruga-mindetteldi-29861942.html
Шымкентте 600-ден астам отбасы жәрдемақыны қайтаруға міндеттелді
Шымкентте 600-ден астам отбасы жәрдемақыны қайтаруға міндеттелді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген отбасы атаулы әлеуметтік көмекті қайтаруға міндеттелді. Коттеджі мен қымбат көлігі бар адамдар жалған... 30.11.2022, Sputnik Қазақстан
2022-11-30T10:41+0500
2022-11-30T10:41+0500
2022-11-30T10:41+0500
жәрдемақы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_0:0:3000:1688_1920x0_80_0_0_d98eba81ee5241afee9e4512d3d1ddfc.jpg
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген отбасы атаулы әлеуметтік көмекті қайтаруға міндеттелді. Коттеджі мен қымбат көлігі бар адамдар жалған құжатпен мемлекеттен көмек алып келген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, заң бұзғандар табыс көзін жасырып, жалған анықтама жасатқан. Осылайша, мемлекеттен 30 млн теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек алған. Қазіргі кезде "көмекке мұқтаж болдық" дегендердің бір бөлігі ақшаны өз еркімен қайтаруға келісті. 219 отбасының ісі сотқа жолданды.Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпараты бойынша жалпы 610 отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алып жүрген."Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді. Қазіргі таңда 219 отбасыны сотқа бергенбіз. 200 отбасы соттың оң шешімін алып, 19 іс қазір соттың қарауында. Біреулер екі тоқсан алған. 3 тоқсан алғандар да бар. Әр отбасы әр түрлі", - дейді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.Биыл атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер 66,5% азайды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі жұмысқа орналасты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744613_491:0:2742:1688_1920x0_80_0_0_f498ff6b890b4f65f94aba87e9ab5e95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жәрдемақы
Шымкентте 600-ден астам отбасы жәрдемақыны қайтаруға міндеттелді
АСТАНА, 30 қараша – Sputnik. Шымкент қаласында жүздеген отбасы атаулы әлеуметтік көмекті қайтаруға міндеттелді. Коттеджі мен қымбат көлігі бар адамдар жалған құжатпен мемлекеттен көмек алып келген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан Хабар 24
арнасына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, заң бұзғандар табыс көзін жасырып, жалған анықтама жасатқан. Осылайша, мемлекеттен 30 млн теңгеден астам атаулы әлеуметтік көмек алған. Қазіргі кезде "көмекке мұқтаж болдық" дегендердің бір бөлігі ақшаны өз еркімен қайтаруға келісті. 219 отбасының ісі сотқа жолданды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпараты бойынша жалпы 610 отбасы әлеуметтік көмекті заңсыз алып жүрген.
"Өз еркімен 391 отбасы 17 млн 502 мың теңгені мемлекеттің қазынасына қайтарып берді. Қазіргі таңда 219 отбасыны сотқа бергенбіз. 200 отбасы соттың оң шешімін алып, 19 іс қазір соттың қарауында. Біреулер екі тоқсан алған. 3 тоқсан алғандар да бар. Әр отбасы әр түрлі", - дейді басқарма басшысы Балмаржан Нарбекова.
Биыл атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берушілер 66,5% азайды. Мамандардың айтуынша, тұрғындардың көбі жұмысқа орналасты.